Қартаймайтын актрисалар

Қартаймайтын актрисалар

Бұл актрисалар биологиялық жасына қарағанда балғын болып көрінуімен талай адамның таңдайын қақтырған. Олар – мәңгілік жастықтың символы. Танымалдылығы жылдан-жылға артып келе жатқан ешқашан қартаймайтын акрисалардың тізімі төмендегідей:

Дженнифер Энистон – 45 жаста

«Достар» телесериалы арқылы танылып, «Эмми», «Алтын Глобус» сыйлықтарымен марапатталған Дженнифер Энистон 1969 жылы 11 ақпанда АҚШ-тың Калифорния штатында дүниеге келген. Оның қартаймайтындығына көз жеткізу үшін «Достар» сериалының алғашқы және соңғы серияларын қарап шықсаңыз жеткілікті.

Дженнифер Лопес – 45 жаста

Әнші, актриса, сәнгер, биші, продюсер... Голливудтың «ең қымбат» актрисаларының тізіміндегі Джей Ло 1969 жылы 24 шілдеде Нью-Йоркте дүниеге келген. Әлем бойынша 55 миллион дана альбомын сатқан. Голливудтағы «Даңқ Аллеясында» актрисаның атында жұлдыз бар.

Кейт Уинслет  - 39 жаста

Атақты «Титаник» фильміндегі жас Розаның рөлін сомдаған Кейт 1975 жылы 5 қазанда Ұлыбританияның Рединг қаласында туған. Кино әлемінде алған жүлделері - «Оскар» (6 рет), «Алтын Глобус» (3 рет), «Эмми» (2 рет) және басқа да сыйлықтардың иегері.

Холли Берри – 48 жаста

Холли Берри 1966 жылы Американың Огайо штатында дүниеге келген. 23 жасынан бастап диета сақтап, алкогольді ішімдіктерден, дәмді тағамдардан бас тартқан. Жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты ауруханаға да түскен. Соның бәріне мойымай, екі баласымен бақытты өмір кешуде.

Шарлиз Терон – 39 жаста

Шарлиз 1975 жылы 7 тамызда Оңтүстік Африка Республикасында туған. Африка құрлығынан шыққан тұңғыш «Оскар» сыйлығының иегері. Бұл сыйлықты әперген «Құбыжық» фильміндегі Эйлин Уорнос рөлі.

Наоми Уоттс – 46 жаста

1968 жылы 28 қыркүйекте өмірге келген. Екі рет «Оскар» жүлдесін ұтып алған. Наоми түскен фильмдердің ең атақтылары – «Кинг-Конг», «Диана: Махаббат хикаясы», «21 грамм»  фильмдері. Қазір актрисалықпен қатар ВИЧ/СПИД(ЖИТС)-ке қарсы халықаралық UNAIDS  еріктілер қозғалысының елшісі қызметін де алып жүр.

Анджелина Джоли – 39 жаста

Анджелина Джоли 1975 жылы 4 маусымда дүниеге келген. Оның әкесі де, анасы да кино саласында атақты адамдар болған. Қазіргі таңда Анджелина алты баланың анасы, оның үшеуін асырап алған. Үш жыл қатарынан «Алтын Глобус» сыйлығын жеңіп алған тұңғыш актриса.

Ингеборга Дапкунайте – 51 жаста

Литвалық театр және кино әртісі 1963 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Голливудтағы актерлік дебюті 1993 жылы «Аляска Кид» телесериалында болған. Кейіннен Лондонға театр әртісі болып көшіп барады. Ингеборганың таныстарының айтуынша, ол тура бір уақыт мезетінде тоқтап қалған адам сияқты, ешқашан қартаймайды.

Баян Есентаева – 39 жаста

Бұл сұлуды келесі жылы қырыққа толады деп кім ойлайды?! Баян Мақсатқызы 1975 жылы 2 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Қазір актрисалық, продюсерлік, жүргізушілік қызметтерді қатар алып жүрген Баянның үйінде екі сұлу қыз бой жетіп келеді. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: vk.com, 24index.ru, elle.ru, spletnik.ru

Y. Smaghul