Каран Сингх Гровер: "Мен Асадқа мүлдем ұқсамаймын"

Каран Сингх Гровер: "Мен Асадқа мүлдем ұқсамаймын"

Көпшілік сүйіп көретін «Сен келерсің» телехикаясында Асад есімді кейіпкердің рөлін сомдайтын Каран Сингх Гровер 1982 жылы 23 ақпанда Үндістанның Дели қаласында дүниеге келген. Ишмит Сингх есімді ағасы бар. Кішкентай күнінде Каранның отбасы Біріккен Араб Әмірлігіндегі Аль-Хобар аймағына көшіп барады. Сол жерде халықаралық Үндістан мектебінде білім алады. 2000 жылы Мумбайға оралып қонақүй менеджменті саласында оқиды. Каран оқуын бітірген соң отбасы тұрып жатқан Маскатқа көшіп барады. Жаңа көшіп барған аймақта орналасқан «Sheraton» қонақүйінде бір жылға жуық уақыт маркетинг директоры болып қызмет жасайды.


2004 жылы модель болып қызмет жасай бастайды. «Gladrags Mega Model Manhunt» жарысына қатысып, «Ең атақты модель» номинациясын жеңіп алады. Каран телевидение саласына келмес бұрын модель болып қана қоймай, арасында жарнамаға түсіп, радиода да жұмыс істейді. Ең алғаш 2004 жылы Kitni Mast Hai Zindagi телехикаясына түседі. Мұнымен қатар телевидение саласында Салман Кхан ретінде танымал. Колледжде оқып жүрген кезінде «Мың децибел» тобының мүшесі болған. Бұдан кейін 2012 жылы өзінің Dill Mill Gayye телехикаясына бірге түскен әріптесі Дженнифер Вингетке үйленеді. Назарларыңызға Караннан bollywoodtime.ru сайты алған сұхбаттың аудармасын ұсынамыз.  


- Сен келерсің телехикаясындағы Асадқа қаншалықты ұқсайсыз?

- Мүлдем ұқсамаймын деп айтсам да болады. Ол мен үшін тым мінсіз кейіпкер. Бірақ екеуміз де төсекте жатып тамақ ішкенді ұнатпаймыз.

- Өзіңізге мүлдем ұқсамайтын кейіпкерді ойнаған ұнады ма?

- Ия, өте ұнады. Түсірілім барысында күлмей, қимыл-қозғалысымды бақылап отыру қиын болды. Асад мен секілді қалжыңбас емес.


- Сіз әлеуметтік желілерде тіркелмегенсіз. Жанкүйерлеріңіздің өзіңіз туралы пікірін қалай білесіз?

- Мен, расымен де, әлеуметтік желілерге кірмеймін. Олармен әкем сөйлесіп, маған барлық жаңалықты жеткізіп отырады.

- Асадтың мінезі несімен ұнайды?

- Ол өмірдегі жетістікке өз күшімен жеткен. Өзгеден көмек күтпейді. Осы қасиетімен қатты ұнайды.

- Сіздің ең сүйікті тамағыңыз қандай?

- Майлы тағамдардан басқасының барлығын жеймін. Мысалы, пиццаны. Маған гамбургер жеуге болмайды, бірақ өз еркім болса, үлкен порциясын таңдайтын едім.


- Сіздің кейіпкеріңіз мұсылман. Ал өзіңіздің өмірде ұстанатын дініңіз басқа. Бұл рөлге дайындалдыңыз ба?

- Жоқ. Мен 12 жыл Біріккен Араб Әмірлігінде тұрдым. Сол себепті бұл дін өкілдерін жақсы танимын.

- Мамандығыңыз несімен ұнайды және ұнамайды?

- Кез келген мамандықтың жағымды және жағымсыз тұстары болады. Жұлдыз болғандықтан, менің жеке өмірімді барлығы да біліп отыратындығы ұнамайды. Бірақ түсіністікпен қарауға тырысамын. Мұнымен қатар жанкүйерлердің назарына бөленгенді жақсы көремін.

- Жанкүйерлеріңіздің назары дейсіз бе?

- Ия.


- Жеке басыңызға қатысты сұрақ. Дженді ең алғаш «Kasauti Zindagii Kay» фильмінен көргенде қандай сезімде болдыңыз?

- ООО! Ол маған бірден ұнады! Оның маған деген сезімі болмағандықтан, көп уақыт бойы үндемей жүрдім. Біз басында жәй ғана дос болдық. Артынша мұңайған кезде бар сырын маған айтатынын байқадым. Осы сәтте мен оны күлдіруге тырысатынмын. Осылайша жақындасып, артынша үйлендік.

- Әдетте жұмыстан үйге қайтып келген кезде не істейсіз?

- Playstation ойнаймын. Джен менімен бірге ойнайды.


- Сіздің ең сүйікті ойыныңыз қандай?

- Taken, Fight Night, Street Fighter, Bum Out.

- Ал кім көбірек жеңеді?

- Әйелім. Басында жаңадан келгендіктен, жолы болып жүр деп ойлайтынмын. Қазір, расымен де, жақсы ойнайтындығын байқадым.

- Сіздің сүйікті спортыңыз қайсы?

- Баскетбол.

- Ал крикет ше?

- Мен өзімнің үнділік екенімді білемін, бірақ крикеттің жанкүйері емеспін. Бұл қылығымның нашар екенін мойындаймын (күліп). Бірақ маған баскетбол мен волейбол ұнайды.


- «Жүректердің тоғысуы» телехикаясының нақты қай жері ұнайды?

- Жауап беруім қиын болып тұр. Өйткені қызықты сәті өте көп болды. Нақты қай бөлімі екені есімде жоқ, Арманның Риддхмаға ұсыныс жасайтын сәті ұнайды.

- Сізге Арман мен Асад екеуінің арасында қай кейіпкер көбірек ұнайды?

- Арман. Ол ақжарқын, ойындағысын жасқанбай айтады. Ал Асад болса, барлығын ішінде сақтайды.

- Сіздің бойыңыздағы ең жақсы қасиет қандай?

- Адалдығым деп ойлаймын.


- Сіздің тағамды өте жақсы жасайтыныңызды білеміз. Ең алғаш Дженниферге қандай тағам ұсындыңыз?

- Ой, жоға. Сізді түзетуіме рұқсат етіңіз. Мен жақсы аспаз емеспін. Өзім қонақ менеджменті саласында оқығандықтан, тамақтың қалай жасалатынын білуге тиіспін. Маған ас пісіретін пештің жанында тұрған ұнамайды. Ең бірінші Дженниге арнап Maggi кеспесін әзірлеген болатынмын.

- Әйеліңізден алған соңғы сыйлық?

- Ол маған Taken мен Playstation ойындарын сыйлады.

- Бүгінгі дәрежеңіз өзіңізге ұнай ма? Бір нәрсенің жетіспеушілігін сезінбейсіз бе?

- Менің фильмдерге түспейтінім өкінішті. Фильм мен телехикаяға қатар түскім келеді. Әзірге осыны ғана түзету арманым бар.


- Бұл мәселе туралы неге Болливуд продюссерлерімен сөйлеспейсіз?

- Мен фильмге де түсіп үлгердім. Жақын уақытта шығады. Әзірге релизді ғана күтіп отырмын. Мұның қашан жүзеге асатынын білмеймін, барлығымыз жақсылыққа үміттенейік.

- Ал ол қалай аталады?

- Lorie.

- Ол нақты қай уақытта шығады?

- Оны мүлдем білмеймін. Мүмкін бірнеше жылдан соң шығар (күлді).


«Сен келерсің» телехикаясының соңғы бөлімінде Асадтың рөлін басқа актер алмастырады. Каранның бұл рөлді не себепті соңына дейін сомдамағаны туралы дерек жоқ. Оны түсіндіруден Сурбхи Джоти де (Зоя) бас тартқан.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай