- Негізгі бет
- Тұлға
- Нұржұман Ықтымбаев: «Қазақтың...
Нұржұман Ықтымбаев: «Қазақтың даласында оқығанмын»
Бүгін – актер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ықтымбаев Нұржұман Байжұманұлының дүниеге келген күні. Талдықорған облысының Кербұлақ ауданында туған Нұржұман ағаның арнайы актерлік білімі жоқ екен. 1966 жылдары "Мазасыз таң" фильмінің түсірілім тобы болашақ актердің ауылына барады. Сымбатты жігітті көздері шалған кино түсірушілер фильмге түсуге ұсыныс жасайды. Сәтті дебюттен кейін Нұржұман Ықтымбаев "Қазақфильм" киностудиясының штаттағы актері атанады. Актер өзінің "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында былай деп айтқан екен: "...Олардың керемет болған түгі де жоқ. Қазақтың актерлік мектебі олардікінен әлдеқайда жоғары тұрады. Голливуд актерлері жүрекпен емес, көзбен, қолмен, қимылмен ойнайды. Оларда мінезді актер жоқ. «Қоян-қолтық соғыс» фильмі түсіріліп жатыр. Баламды өлтірген адаммен кездесетін көрініс түсірілетін кезде фильмге қатысқан голливудтық актерлердің бәрі оператордың артындағы диванға жайғасты. Түсірілім біткеннен кейін барлығы орындарынан тұрып қол соқты. «Қай жақта оқығансыз?» деп сұрап жатыр. «Қазақтың даласында оқығанмын» деп жауап бердім". Қазақтың даласынан тәлім-тәрбие алған талантты актер Голливудта, Францияда, Ресейде көптеген фильмдерге түсіп, қазақ өнерін мойындатып жүр.
Нұржұман Ықтымбаев 1980 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған («Нанның дәмі» фильмі үшін). 2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде Бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксардағы МКФ-да «Сталинге сыйлық» фильмі бойынша «ең үздік ер рөлі үшін» сыйлығын, Қасым рөлі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау ассоциациясының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.
Нұржұман Байжұманұлының 73 жылдық мерейтойы қарсаңында 48 жыл ішінде өзі түскен фильмдер топтамасын жасадық:
1966 - Мазасыз таң;
1967 - Артымызда Мәскеу;
1968 - Мың шақырымдық жол;
1968 -Балалық шаққа саяхат;
1969 - Мәншүк туралы ән;
1969 - «Қызыл тастар» шекарасында;
1970 - Қыз Жібек;
1970 -Атаманның ақыры;
1971 - Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері
1971 -Менің ағам;
1971 - Жетінші аспан;
1972 - Орман балладасы;
1972 - Шоқ пен Шер;
1972 - Мен - Хан Тәңірі;
1973 - Байдың жауыз ұлы;
1974 - Ей бақташылар!;
1975 - Таңдау;
1976 - Хайуанаттар бағындағы жаз (қысқа метражды);
1976 - Медальдың үшінші жағы;
1977 - Бүркіттің ақырғы жылы;
1977 - Тұз және нан (киноальманах), «Нан» фильмі;
1978 - Ай тұтылған түн;
1978 -Балалық шағымның Дон-Кихоты;
1978 - Қара таудағы қазына;
1979 - Нан дәмі;
1980 - Бас конструктор;
1980 - Жаушы;
1980 - Мүмкін емес балалар;
1981 - Ұлы самоед;
1982 - Қызыл отау;
1982 - Он үшінші немере;
1982 - Өріс жиегінде;
1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан;
1984 - Бірінші атты;
1984 - Бірінші;
1984 - Адам факторы;
1985 - Ауылым Көктөбенің бөктерінде;
1986 - Түрксіб;
1986 - Мотоциклдегі адам;
1987 - Кәмелетке келгендерге арналған асыранды үй;
1987 - Сұлу Айсұлу туралы ертегі;
1987 - Жолайырық;
1988 - Адамдар арасындағы бөлтірік;
1989 - Қауышу;
1990 - Қараңғылық әміршісі;
1992 - Өлім алқабы;
1993 - Аллажар;
1993 - Шыңғыс хан;
1996 - Жамбыл;
1997 -Ақсуат;
1999 - Тыңдашы, жаңбыр жауып тұр ма?;
2003 - Сардар;
2004 -Тұзды көл жанындағы үй;
2004 - Мылқау қоңыр салқын;
2004 - Түнгі барлаушы - Зоар;
2004 - Қаладан келген қыз;
2004 - Аңшы;
2005 - Күндізгі барлаушы - Зоар;
2006 - Жол қараушының жазбалары;
2006 - Күндізгі барлаушы (Ресей Киноакадемиясының «Алтын қыран» жүлдесі);
2006 - Таяудағы соғыс, Голливуд;
2008 - Сталинге сыйлық;
2009 - Лавэ;
2009 - Секер;
2010 - Ана жұмағы;
2010 - Кеш оянған махаббат;
2011 - "Балалық шағымның аспаны";
2013 - "Көшбасшы жолы"
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: anyzadam.kz, kinopoisk.ru, mix.tn.kz, yvision.kz,kino-teatr.ru,azattyq.org