Сильвестер Сталлоне: "Мені жетістікке жеткізген - Рокки"

Сильвестер Сталлоне: "Мені жетістікке жеткізген - Рокки"

"Мен өз абыройымды өзім түсіріппін", - дейді АҚШ жұлдызы өткен аптаның сенбі күні Лондон Палладиумында тілші Джонатан Россқа берген сұқбатында. "Мен алдында берген сұқбаттарымды оқып көрдім, жастық шағымда ешкімнің ойын есепке алмайтын надан болған екенмін", - дейді жалғастырып.

Ол өзі режиссерлік еткен алғашқы фильмдерінің бірі оны көктен жерге түсіргенін қоса кетті. Сталлоне 1978 жылы «Жұмақ Аллеясы» (Режиссері - Сильвестер Сталлоне) атты драмалық кинокартинасының алғашқы көрсетіліміне қатысу үшін «Рокки ll» кино түсірілімінен кетіп қалған болатын. Сол премьераға бар жоғы екі-ақ адам кіріпті.



"Оның біреуі ұйықтап отырған еді", – дейді ол ауыр күрсініп, дегенмен бұл абыройсыз тәжірибе кейіннен жарқын болашаққа жол ашқанын айтады. Силвестер Сталлоне қонақ болған "West End" іс-шарасының қатысушылары 67 жастағы алыптың сан-қилы әзілдері мен өз өміріндегі оқиғаларын тыңдап шаттанды.

Сталлоненің бірінші "West End" дебюті ретінде ұйымдастырылған 90 минуттық сұқбат кезінде көрермендер «Рембо» мен «Тоқтаусыз» фильмдерінің шынайы жұлдызын көрді, сонымен қоса, оны басқа қырынан, яғни қызқұмарлығы жағынан да байқауға мүмкіндік болды. 

Біресе ән айтып, біресе Шекспирдің "Күнәһарлар" комедиясынан үзінді келтіріп баршаны таңқалдырумен болды. Фрэнк Синатра, Лайза Минелли және Эндрю Ллойда Уэбберлерге берілген наградалар Лондондағы Палладиум Холлда болып жатқан кештің ажарын ашты. Роккидің классикалық боксын талдау барысында фильмнің басты рөліне басқа актердің түсуіне рұқсат алу үшін $ 300,000 - "қазіргі құнмен миллион шамасы", ұсынылғанын ашып айтты.

Итальян-американдық: "Бұл өмірімдегі келеңсіз бұрылыстар еді", - дейді, бірақ ол оған келіссе өз-өзін жек көріп кететінін білетін. Үш Академия марапатын алып, атын шығарған аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулы жайлы әңгімелер көңіл-күйді көтере түсті.

1979 жылғы Рокки ll-мен басталып, 5 циклмен жалғасын тауып, 2006 жылы шыққан «Рокки Бальбоасы» өзіне ең ұнағаны екенін айтты. Актер "Крид" фильмінде түсуі мүмкін. Бұл картинада қартайған Бальбоа бұрынғы бақталасының немересін тәрбиелейтін болады дейді.  «Адамдар бұл «Рокки Vll» деп ойлайды, бірақ олай емес, бұл сол кейіпкердің басқа қырынан тануға болатын қызықты фильм болады», - дейді

Өз әріптестері жайлы айта бастаған тұста Сталлоне "Тоқтаусыз" фильмінде басты рөлді сомдаған Джейсон Стэтхэмге ризашылығын білдірді. Ал досы Арнольд Шварценеггерді өз карьерасының бастауында жек көргенін ашып айтты. Дегенмен, өткен жылы Твиттерде "сараң және еріншек" деп атап, дау көтерген Брюс Уиллис жайлы қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, Палладиумдағы дәл осындай іс-шара өткен жылы Аль-Пачиноның қатысуымен өткен еді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.bbc.com

Ж. Өрісбай