- Негізгі бет
- Тұлға
- Том Хэнкс қант...
Том Хэнкс қант диабетімен ауырады
Голливудтық актер Том Хэнкс телеарна эфирінде екінші дәрежелі қант диабетімен ауыратынын жеткізді. Дэвид Леттерманның бағдарламасында актердің ауруы сөз етілді, деп хабарлайды USA Today газеті.
Актердің айтуынша, қанда қант мөлшерімен алысып келе жатқанына 36 жылдың жүзі болыпты (бүгінде 57 жасқа толып жатыр). Хэнкс көрермендердің дүрлікпеуі үшін аурудың бақылауда екенін жеткізген.
"Ертелі-кеш бізді бір нәрсенің өлтірері анық, Дейв" - деп философиялық түр-реңкте тележүргізушіге бұрылыпты.
Актердің сөзіне сенсек, дәрігерлер аурудың алдын алуға болатынын, бірақ ол үшін арықтау керектігін яғни мектеп кезіндегі салмақты ұстауы тиіс екендігін кеңес еткен. Хэнкс арада салмақ тастап үлгергенмен, ол да аздық еткен көрінеді.
Том Хэнкс «Форрест Гамп», «Терминал» секілді кинолармен аты шыққан актер. "Форрест Гамп" және "Филадельфия" картиналарындағы басты рөлде ойнағаны үшін «Оскар» сыйлығына лайықталған.
Қант диабеті — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: ria.ru
Л. Лига