Адель жыл әртісі болып танылды!

Адель жыл әртісі болып танылды!

Американың атақты «Billboard» журналы британдық әнші Адельді жыл әртісі деп тауып отыр.

Айта кетсек, британдық өнер жұлдызы осымен екінші жыл үздік болып танылуда. Өздеріңіз білетіндей, осы жылы поп-жұлдыз өзінің «Skyfall» хит-әнімен көпшілік тыңдарманның ойынан шыққан болатын. Және аталған әні Джеймс Бондтың киносына саундтрек болып алынып еді. 

Сонымен қатар Адель Ұлыбританияның да ең талантты әншісі болып танылыпты. Өз кезегінде «21» атты альбомы рейтингтің бірінші сатысында көш бастап тұр екен. 

Атақты басылым жылдың басты жаңалығы ретінде "One Direction" тобын айтса, ал "Maroon 5" поп-тобын өз саласында жылдың үздігі деп таныған.

Әрине, жыл әні болып Готьенің «Somebody That I Used To Know» туындысы дараланған.


сурет:ru.tsn.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига