Осы жылы ең көп ақша тапқан әншілер

Осы жылы ең көп ақша тапқан әншілер

Таяуда "Forbes" журналы әлемнің ең "қымбат" әншілерінің тізімін шығарды. 

1. Тізімнің бірінші сатысында тапқан ақша қоры 110 миллионды құрайтын Dr. Dre тұр.

2. «The Wall Live» турында сәтті жұмыс жасаған "Pink Floyd"-тың негізін қалаушы Роджер Уотерс екінші орында тұр. Оның тапқан жылдық қаржысы - 88 миллион доллар.

3. Үшінші сатыны Лас-Вегаста концерттен концерт қойып шаршаған және 80 миллион доллар тапқан Элтон Джон иеленді.

4. 78 миллионмен тізімнің төртінші сатысына "U2" жайғасты.

5."Take That"-тың қайтадан бас қосуы ұжымға 69 миллион кіріс көзін кіргізді.

6. "Bon Jovi" тобының жылдық табысы 60 миллионды құраған.

7. Сатылымға шығарған заттары арқылы Бритни Спирс 58 миллион қаржы тапқан.

8. "Beatles"-тан қалған мұра мен концерттер арқылы Сэр Пол Маккартни сегізінші сатыда тұр. Оның тапқан қаржысы - 57 миллион.

9. Шығарған альбомы бір-ақ күнде 1,2 миллон данамен тараған Тейлор Свифт тоғызыншы сатыға жайғасыпты. Тапқан қаржысы - 57 миллион доллар.

10. Үздік ондықты жылдық табысы 55 миллионға жеткен Джастин Бибер қорытындылап тұр. Және атаған әнші осы тізімдегі ең жас жұлдыз екенін ескере кетсек...

суреттер:news.uvaga.by

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига