- Негізгі бет
- Музыка
- Желбуаз - ел...
Желбуаз - ел көзіне еленбей кеткен аспап
Желбуаз – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан үрмелі аспабы. Аспап иленген ешкі терісінен жасалады. Қамыс тілі мен тесіктері бар. Аспап аузын арнайы тығынмен бекітеді. Дыбыс шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Желбуазды мойынға асып алып жүру үшін оған қайыстан бау бекітеді. Аспап сырт келбеті меске ұқсас болады. Желбуаз аспабы ерекше күтімді қажет етеді. Күйе түспес үшін оны тазалап, бірқалыпты температурада ұстап тұрады.
Желбуаз аспабын ертеде бақсылар мен емші-балгерлер кеңінен пайдаланған. Бұл аспапқа ұқсас үрмелі аспаптар Еуропа мен Азия елдерінде кездеседі.
Аспапта шағын, жеңіл халық музыкасы орындалады. Ең алғаш болып желбуаз аспабын алғаш рет Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестрінде қолданды.
Өкінішке орай, бұл аспап аса көп қолданылмай, жұрт назарынан шығып, бірте-бірте құнды жәдігерге айналып барады. Қазіргі таңда, аспап ансамбльдер мен оркестрлерде сирек қолданылады.
Суреттер caspionet.kz, ertegi.kz ғаламтор беттерінен алынған
Ғ. Ұзақ