"Алдаспан" тобы халықаралық турнеге дайындалуда

"Алдаспан" тобы халықаралық турнеге дайындалуда

Қазақстандық "Алдаспан" этникалық рок-тобы үш жаңа альбом шығарып, халықаралық турнеге дайындалуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алдаспан" - электр домбырасында ойнайтын әлемдегі жалғыз топ. Ұжымның амеркандық Roadrunner records лейблының тәуелсіз чартында екінші орынға ие болғандығын да айта кетелік.

Топтың тағы бір ерекшелігі олардың  өздерін әр түрлі жанрда сынап жүргендігінде. Осы себепті топ үш түрлі стильде үш түрлі альбом дайындап жатыр. Альбомдардың презентациясы 2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында өтеді. Айта кетелік, топ халықаралық гастролін Қытай жерінен бастайды.

Топтың шығармашылығы туралы СТВ арнасындағы "Всю жизнь мечтал!" хабарынан біле аласыздар. Бағдарлама эфирге 7 қыркүйек күні сағат 18.55-те шығады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: aldaspan.kz