"Балапан қаз" халық әні ме?!

Әуелі қазақтың қара домбырасының, кейіннен жетіген аспабымен сүйемелдеуімен шырқалған «Балапан қаз» әні авторы белгісіз болғандықтан халық әніне айналған еді. Алайда, соңғы жылдары әсем ән тереңірек зерттеліп, көпшілікке шығу тарихы аян болды.

Ән туралы деректер Шығыс Қазақстан облысының тумасы ақсақал Арғынбек Қилыбаев аузынан жазылып алынған. Ертеде Керей елінің қызы Найман еліне келін болып түскен. Өз елінде ол сүйген жігітінен аяғы ауыр болып қалып, өзге елге жүкті болып ұзатылады екен. Кейін босанып, аяқ-қолын бауырына алған кезде бөбегіне бесік жырын айтып, іштегі мұңын әнге қосады. Ән ел арасында кең таралып кетеді. Өкінішке орай, әннің толық сөздері ұмытылып, тек «Ей, ахау сабаз, ұшырдым ұясынан балапан қазды-ай» деген жолдары ғана сақталып қалады.

Арғынбай Жұмажанұлы

«Балапан қаз» әнінің қайта жандануына белгілі ақын-драматург Арғынбай Жұмажанұлы үлкен үлес қосты. Моңғолия елінің Баян-Өлгей мекенінде дүниеге келген ол әнге жаңадан сөз жазып, қайырмасын қалдырған. Кейін ән мәтіні мен әуені Моңғолия еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер, өнер танушы Қабыкей Ахмерұлы жинастырған «Моңғолия қазақтарының халық әндері» кітабында жарық көрді.

Елге бұл әнді Жанар Айжанова әкелген еді. Ол Моңғолия жерінде гастрольдік сапармен болған кезде, ауылдың алты ауызынан естіп, жадында сақтап қалады. Үш шумақты әннің мақамын бұзбай домбыра сүйемелдеуімен орындай бастайды. Ән біздің елде де кеңінен таралып, біраз әншілер оны өз репертуарына қосады. Арғынбай Жұмажанұлы әнге «Бұл өлке» деген атау беріп, «Балапан қаз» халық әнінің мақамымен» деп түртіп қояды.

2005 жылы жарық көрген «Көшпенділер» фильмінің бас кеңесшілерінің бірі болған, жазушы-профессор Ақселеу Сейдімбек тарихи киноның сәнін кіргізетін ән іздестіріп, өз таңдауын «Балапан қаз» әніне жасайды. Оның пікірінше, «Балапан қаз» қиын-қыстау кезеңдерге жер-жерге таралып кеткен қалың қазақтың өнері мен мәдени-рухани болмасын айқындайтын ән. Осылай, «Балапан қаз» әні фильмге жетігенші Нұргүл Жақыпбектің сүйемелдеуімен белгілі әнші Ұлту Қабаеваның орындауында енді.

Балапан қаз

Халық әнінің мақамымен

Сөзін жазған: Арғынбай Жұмажанұлы

 

Бұл өлке - біздің ауыл жайлаған жер,

Желіге асау құлын байлаған жер.

(Бұл өлке - біздің ауыл күздеген жер,

Сырғасын сұлу кыздың іздеген жер).

Көзіме от-жалындай көрінеді,

Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.


Қайырмасы:

Е-е-й, ахау сабаз,

Ұшырдым ұясынан балапан қаз.


Бұл өлке - біздің ауыл күздеген жер,

Қаракөз бойын сылап түзеген жер.

Көзіме от-жалындай көрінеді,

Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.


Қайырмасы:


Бұл өлке - біздің ауыл қыстаған жер,

Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.

Көзіме от-жалындай көрінеді,

Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.


Қайырмасы:

 

Бұл өлке - ата-бабам көктеген жер,

Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.

Көзіме от-жалындай көрінеді,

Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.


Қайырмасы: 

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: baiolke.com, writers.kz


3007 0

Рейтинг: (0)


Оқи отырыңыз


Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Flash-ты жақсы көремін

Flash суреттерге қызығушыларға


Диагноз

Жандарбек ЖҰМАН


Менің бал дәуренім... ( I )

жалпы мен осы қандай бала болдым?!



Қос жұлдыздың жыры.

Концертке дайындық немесе жыр болған Хадишамен дуэтім.


Орта есеппен қазақтардың 10 жылдыққа жиналуы

25 мамырмен бірге әркімде бір қарбалас...

Автор: Айкона Н



Айдарлар бойынша қызықты


Коктейль дайындайтын құлтемір-бармен

Массачусетс технологиялық институының зерттеуішілері "Coca-Cola" және "Bacardi" компанияларымен бірлесе отырып,...

Сәрсен Қызай: «Фотоаппаратсыз газет шығарып жүргендер көп»

Фотографтардан сұхбат алу үрдісін жалғастырамыз. Бұл жолы «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Сәрсен...

Кемтар әке

Ол есін білгеннен бері әкесінің кемтар екенін, өте қарапайым адам екенін білетін-ді. Оның ойынша, әкесінің...


Жасанды шаш жасаудың хас шеберлері

Huli wigmen (жасанды шаш киетін хулилер) тайпасы Папуа - Жаңа Гвинеяның бірнеше елді мекенін қоныс етеді.

Виктор Вальдес "Барсамен" қош айтысады

"Барселона" клубының голкипері Виктор Вальдес бапкерлер қосыны мен футболшыларға биылғы маусым...

Ағалар қаламынан. Әбіш Кекілбаев

Порталымыздың "Әдебиет" бөлімі «Ағалар қаламынан» атты ұласпалы тақырыппен өткен ғасыр қазақ әдебиетіндегі...



Соңғы бейнебаян

Kyuhyun(SuJu) & Luna(F(x)) - Shine Your Way [қазақша субтитрлармен]

Super Junior тобындағы Кюхен мен f(x) тобындағы Луна «Семейка Крудс» анимациялық мультфильмі үшін бірінше рет дуэт орындады. SM Entertainment агенттігінің белді екі воколисті «Shine Your Way» деген әдемі ән шығарған. Ән мультфильмнің Кореядағы көрсетілімінде басты саундтрегі болып саналады. 

Аударған: T.Kyuti

Өңдеген: Aidana


Bi (Rain) - It's raining [қазақша субтитрлармен]

Бәрiмізге комедиялық, романтикалық сериалдар мен фильмдерде ойнаған рөлдерімен жақсы таныс Bi/Rain-нің тек актерлік шеберлігі дамып қана қоймай, әншілік өнері де...


Ұстаздар атасы / Мастер обучения / Master of Study (11-бөлім)

Мемлекет: Оңтүстік КореяЖыл: 2010Сериялар саны: 16 Жанр: мектеп, комедияРежиссер: Yoo Hyun KiРөлдерде:Ким Су Ро - Кан Сок ХоПэ Ду На - Хан Су ЧжанО Юн А - Чжан Ма...




Материал жіберу

Адамның сырты алдамшы

Внешность человека бывает обманчива

Үздік әуендер

Жазира Байырбекова"Сен маған сүюді үйреттің"
Роза Рымбаева"Кел, ғасыр"
"Алдаспан" тобы"Ел айрылған" - Халық күйі
Роза Рымбаева"Жаңа күн"
"Алдаспан" тобы"Қосбасар" - М. Хасанов
Роза Рымбаева"Көктем шақырады"
"Алдаспан" тобы"Белес" - Халық күйі
БатырОтпусти
"Тұран" тобы"Шилі өзен"
"Қызыл қайың" - Құрманғазы"Алдаспан" тобы

Жаңалықтар мұрағаты

Қазір сайтта

Барлығы: 177
Қонақтар: 173