"Көк тудың желбірегені" - рухты оятатын нағыз патриоттық ән

06 Шілде 2012, 10:03

Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндердің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған. Екеуі де Қытайдан елге оралған қандастар.

Ән мәтінін жазған ақын - Алмас Ахметбекұлы

Әуелі «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі дүниеге келген. 1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз елдің көк туы қабылданады. Бұл шара барлық арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайдың Шәуешек деген мекенінде тұратын ақын Алмас Ахметбекұлы бір топ қазақ бауырлармен жиналып, теледидардан тамашалайды. Елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде экран алдында отырған қандастар көз жастарына ерік береді.  

Ән авторы - ақын-сазгер Ермұрат Зейіпхан

Ақын өзі көк туды Қорғас шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көреді. Самал жел соғып тұрғанда көк ту әуелеп, желбіреп тұрды. Сол кезде ақын жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билеп, «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары ойына келеді. Алматыға келген кезде өлеңнің қалған жолдары жазылады. Кейін ақын Еркін Ергенұлы деген сазгерге өлеңге ән жазып беруін өтініп сұрайды. Алайда, ән ақынның көңілінен шықпай, ол ақын-сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жаз деп ұсыныс білдіреді. Сазгер әннің екі нұсқасын жазады. Ақын екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырады. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майрам Мұхаммедқызы орындап шығады.

Әнші Ибрагим Ескендір

Кейін ән бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Осы кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендір құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.

Көк тудың желбірегені

Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы

Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан

Орындаушысы: Ибрагим Ескендір

Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz, azattyq.org, baq.kz


28197 9
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Қайда қалдың қазақ намысы?

Мен ерігіп жазып отырғам жоқ, ішім адам сөндіре алмас өрт болып лаулап барады!



ҚАЙЫРШЫНЫҢ БАЛАСЫ НЕГЕ ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ?

Осыны ойланып көрдіңіз бе?

Автор: Еркетай )

Көктем

Аударма жасағанды бәрібір жақсы көремін...


Бала тілі – бал

болған жағдай...




Айдарлар бойынша қызықты


LG плазмалық теледидар шығаруды доғаратын болды

Оңтүстіккореялық тұрмыстық электроника өндіруші компания сатылым деңгейі төмендеп бара жатқандықтан...

Жұлдыздар қайда оқып жүр?

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында осы жылы оқуға түскен әншілер мен басқа да саладағы танымал адамдардың...

Тағамдағы дәрумендерді сақтап қалудың амалдары

Әрине, азық-түліктер термиялық өңдеуге түскенде көптеген дәрумендерінен арылады. Дегенмен, бірқатар...


Елеусіз қалған ел жауһары – Ақжар таулары (Видео)

Экспедиция барысында «Лаборатория Сетевых Технологий» ЖШС-ның мамандары көктен түсірген көркем панораманы...

«Астананың» қорғаушысы - Еуропа Лигасының ең дөрекі ойыншысы

Елордалық «Астана» клубының қорғаушысы, босниялық Марин Аничич Еуропа Лигасындағы ең дөрекі ойыншылардың...

"Мой Мир" әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды

"Менің Әлемім" ("Мой Мир") әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион қолданушы үшін өз...



Соңғы бейнебаян

BTS - DANGER [қазақша субтитрлер]

Тамыз айының басында BTS тобы «Dark & Wild» атты толыққанды альбомдарымен қайта оралды. Осы ән-жинаққа енген әндері арқылы хип-хоп жанрына көшті. Danger - альбомның басты әні, алдыңғы мектеп тақырыбындағы әндерінен ерекшелігі – жігіттердің есейгендігі. Danger әнінде қызының хабарласпай кеткеніне көп болған жігіттің сезімі беріледі.

Аударған: Исхар

Тайминг: Kitty

Әрлеу: T.Kyuti


Big Bottle (Big Byung) - Stress Come On [қазақша субтитрлер]

HITMAKER  - Weekly Idol бағдарламасының жүргізушілері Чон Хён Дон мен Defconn бастаған шоу.  Big bottle тобы - осы шоудың аясында пайда болған жоба. Топ төрт жігіттен...


SPEED - Don't tease me! [қазақша субтитрлер]

Джон У, Тэ Ун, Юн Хан, Тэ Ха, Джон Гук, Се Джун, Сон Мин атты жеті жігіттен тұратын SPEED тобы 2012 жылы құрылған. SPEED Circus – SPEED тобының ең алғашқы мини-альбомы. Альбомның...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Аңсар" квартеті"Поппури"
Жазира Байырбекова"Сен маған сүюді үйреттің"
"Алдаспан" тобы"Ұлы көш"
"Алдаспан" тобы"Қосбасар" - М. Хасанов
Роза Рымбаева"Ертеңіме сенемін"
Роза Рымбаева"Махаббат бал өмір"
Роза Рымбаева"Аңыз ару"
"Алдаспан" тобы"Елге қайт" - сөзі: Роман Бұрқашев, әні: Ш. Омаров
"Алдаспан" тобы"Ұстазға" - М. Хасанов
Батыр01 мелодия любви

Жаңалықтар мұрағаты