Жұлдыздар қайда оқып жүр?

Жұлдыздар қайда оқып жүр?

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында осы жылы оқуға түскен әншілер мен басқа да саладағы танымал адамдардың қайда оқуға түскенін, қайда оқып жатқандығын анықтап көрген едік. 

Сәбина Алтынбекова Биология және биотехнология факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түсті.  

Әнші Аша Матай Журналистика факультетінде магистратурада «Жалпы журналистика бөлімі» бойынша 2 курста оқиды.

Әлішер Қайратұлы биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсті. Әлішер онда «Дизайн» мамандығы бойынша оқып, білім алатын болды.

Актер Асылхан Төлепов Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының үшінші курс студенті.  

Бақтияр Артаев осы жылы Англия астанасы Лондонға оқуға кетті деген ақпарат та тарап кеткен болатын. Қазіргі таңда ол тілдік курстарға жазылып, ағылшын тілін меңгеруде. Ал кейін қай университетке оқуға тапсыратыны белгісіз қалып отыр.

Зарина Диас Чехияның Прага қаласындағы «Менеджмент орталық мектебі мен колледжі» академиясында оқиды.

Серік Сәпиев қазіргі таңда Лондон Спорт академиясында білім алуда. Ол 2013 жылы «Болашақ» президент стипендиясымен «Спорт менеджмент» деп аталатын мамандық бойынша оқуға түскен еді.

Әли Оқапов 2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына ауыстырылды. Әлі күнге дейін аталған оқу орнының студенті. Эстрадалық вокал класында оқып жүр.

Қайрат Нұртас өзінің instagram желісіндегі парақшасында магистратураға оқуға тапсырғанын айтып, ағылшын тіліндегі сынақтан 85 балл жинаған сертификатын көрсеткен болатын. Суретке жазылған пікірінде әнші «Өте қуанып отырмын» деген. Әзірге қай оқу орнына тапсырғаны жайлы ақпарат жоқ.

Ал жас шахматшы Жансая Әбдімәлік қазір Сингапурдағы шахмат академиясында оқып жатыр. Оны Александр Никитин есімді бапкері жаттықтырады. Биыл ол Қазақ-британ техникалық университетінің грантына ие болды. 

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: ©Ярослав Радловский, ©Данияр Бозов, kino24.kz

А. Құлтай