Әнел Әрінова ана болуға дайындалып жүр

Әнел Әрінова ана болуға дайындалып жүр

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Әнел Әрінова ана болуға дайындалып жүр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Әнші сонымен қатар осыдан 11 ай бұрын некелескен жолдасының суретін де салды. Жолдасы Саид Ярошбаев, біздің білуімізше, әншілікті кәсіп еткен, өнерден құралақан жан емес. 

Жеке шығармашылықпен айналысып жүрген Әнел Әрінова демалыстан келе сала, жұмысқа кірісіп "Отпускаю" әніне бейнебаян түсірді. Әншінің айтуынша, ол жуырда телеарналарда көрсетілетін болады.

Біз әншіге мол денсаулық, аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алуын тілейміз!

Сурет: Instagram әлеуметтік желісіндегі Әнел Әрінованың жеке мұрағатынан алынды

Дайындаған: Диана Мамытбекова

A. Mustafina