13.2 миллион пікір жинап Гиннес Рекордтар кітабына енді

13.2 миллион пікір жинап Гиннес Рекордтар кітабына енді

Атақты жұлдыздарды жанкүйерлерімен жақындастыратын бірден-бір жер – әлеуметтік желі екені белгілі. Танымал адамдар күн сайын Instagram, Twitter сияқты желілерде өз өмірлерінен хабар беріп отыру арқылы әлеуметтік желілерге де өз ықпалын тигізуде. Ал Қытайда осындай ең көп қолданатын желі – Weibo. Лу Хан есімді әнші осы weibo.com желісінде «Ең көп пікір қалдырылған жазбасы» үшін Гиннестің Рекордтар Кітабына еніп отыр.

Әнші 2012 жылдың қыркүйегінде өзінің weibo.com парақшасына «Осы үшін мен Манчестерді жақсы көремін» деп видео жариялаған екен. Бұл жазбаға жанкүйерлер 13.2 миллион пікір қалдырған. Одан кейінгі екінші орында тұрған жазбаға 8 миллион пікір қалдырылған екен. 

Лу Хан 1990 жылы 20 сәуірде Бейжіңде туған, ұлты қытай. Дәл қазір оңтүстіккореялық ЕХО тобында ән айтады. Осы топтың бұрынғы мүшесі қазақ қызымен бір киноға түсіп жатқанын айтып өткен болатынбыз.

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: facebook.com/smtown

Y. Smaghul