Дильназ Ахмадиеваның жұмбақ күйеуі белгілі болды

Дильназ Ахмадиеваның жұмбақ күйеуі белгілі болды

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан еді. Бірақ сол уақыттан бері әнші өзінің таңдаған жарын әлі күнге дейін БАҚ беттеріне жарияламай жүрді.

Ұзынқұлақтан әнші күйеуінің аты Ахмад екені және жеке кәсіпкерлікпен айналысытыны ғана белгілі болып келген. Ал тойға шақырылған журналистерге Ахмадтың суретін жариялауға әнші тарапынан рұқсат етілмепті.  

Әншінің тыңдармандары көп уақыт бойы күйеуінің кім екенін жария етуді сұраса да Дильназ оған қарсы болып келді деп жазады info-tses.kz. Ал оның күйеуінің суретін интернет бетіне шығаруына демалысқа кетіп, қатты сағынғаны себеп болуы мүмкін. Демалыста өз туыстарымен бірге жүрген Дильназ күйеуімен бірге түскен екі бірдей суретті интернет бетіне шығарды.

Суреттердің бірінде әнші өзінің күйеуі Ахмадпен бірге тұр, ал екінші суретте бірнеше жыл бұрын түсірілген Ахмадтың суреті. Суретке жазған сипаттамасында ол «Менің жарым, менің махаббатым, менің ауам, менің қуатым!!! Сені маған сыйлаған Жаратқанға рақмет! Сүйем» дейді.

Ахмадтың әлі де болса қанша жаста екені, дәл қандай кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіні, тіпті ұлты да белгісіз қалып отыр. Әйтсе де, әншінің желідегі оқырмандары оның құпиясын ашқанына риза болып, бақыт тілеуде. Бала сүйсін деген тілектер де жауып кетті. Ескерте кетсек, Дильназ бен Ахмадтың әзірге баласы жоқ.  

Леди Mail.Ru сайтының жазуы бойынша, Дильназ Ахмадпен гастрольдік сапарлардың бірінде танысып қалған. Ортақ таныстар жігітке әншіні аэропорттан күтіп алуын тапсырған екен. Таныстықтан кейін жарты жыл өткенде Ахмад әншіге сөз айтыпты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: instagram.com

А. Құлтай