Қазақстан гитарашысы әлемнің үздік байқауына қатысады

Қазақстан гитарашысы әлемнің үздік байқауына қатысады

Қазақстандық гитарашы Артур Машуров гитарашылардың ең беделді байқауы – Guitar Idol-ға қатысатын болды. Бұл халықаралық байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жас рок-гитарашылардың басып қосып, онлайн түрде өтетін байқау ұйымдастырады.

Guitar Idol 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді. Әлемнен 350 рок-гитарашы қатысып, оның ішінде жалғыз қазақстандық музыкант Артур Машуров (лақап аты Нодар) болып отыр. Байқау талаптары бойынша Guitar Idol сайтында ең көп дауыс алған гитарашы жеңіске жетеді.

Елімізде Nodario есімімен таныла бастаған гитарашы П.Чайковский атындағы музыка мектебін, кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған. Бастапқыда Motor-Roller тобында өнер көрсеткен ол Angry aints тобына ауысып келген. Машуров Tengri FM рок-сыйлығының иегері.

"Бұл байқауға шетелдік өте мықты бәсекелестерім қатысып отыр. Сондықтан қиын болатынын бірден айтайын. Ақтық кезеңіне өтемін деген үмітім бар. Онда мен өзімнің төрт жыл бойы арқалап жүрген гитарамды апарамын", - дейді Nodario.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы қазақстандық қатысушы елімізде электродомбыраны тұңғыш рет сахнаға алып шыққан «Алдаспан» тобының домбырашысы Мақсат Хасановпен бір сахнада нағыз battle ұйымдастырған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

А. Құлтай