КешYou тобының құрамы өзгереді

КешYou тобының құрамы өзгереді

Баян Есентаеваның продюсерлігіндегі КешYou тобының құрамы тағы да өзгеретін болды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Бұл туралы продюсер өзінің instagram.com желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Желіде жаңа киім тігіп жатқан Аиданың суретін шығарған Баян Есентаева «Аида жаңа КешYou тобының жаңа образына тәнті болды» деп жазған.

Бірақ мұнда да топтың құрамы өзгереді деп айтуға болмайтын еді, бірақ кейіндеу бұл топтың құрылған кезінде негізгі солисі болған Мөлдір Әуелбекова қайтара сұрақ қойғанда Баян ханым оған «Иә, жап-жаңа құрам» деп жауап берген.

Бұдан кейін әлеуметтік желілерде «Топ құрамына Мөлдір Әуелбекова қайтып келуі мүмкін», "Жаңа топ ВиаГРА тобындай болады" деген сыбыс та шығарып, белсенді түрде талқылап жатыр.

Әзірге КешYou тобының атынан шығатын жаңа есімдер белгісіз қалып отыр. КешYou тобы бұған дейін 2012 жылы Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбекова мен Анель Ариновамен жасасқан келісім-шартты үзіп, Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева сияқты өнерлі қыздары бар құраммен өнер көрсетіп келген еді.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана өткен «Астана жұлдызы» кәсіби ұлттық бәйгесінде «Үздік қыздар тобы» аталымы бойынша КешYou тобы жеңімпаз атанған еді. Ал «Қыздар арасындағы үздік орындаушы» аталымын КешYou тобының мүшесі Жанар Дұғалова жеңіп алған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kzmz.region.kz, time.kz

А. Құлтай