- Негізгі бет
- Музыка
- Әли Оқапов алғашқы...
Әли Оқапов алғашқы альбомының тұсаукесерін өткізді
Алматының төрінде жайғасқан «UNION» барында Әли Оқапов екі жарым жыл дайындаған әндер жинағының тұсаукесерін өткізді.
Жастардың талғамынан шығып, сахна төрінде би мен әнді үйлестіре білген әншіні құттықтауға анасы мен ең жақын достары, өнердегі әріптестері келді. Олардың қатарында Ерлан Әлімов, Әсел Сағатова, Айқын Төлепберген, Әлішер Кәрімов, Аша Матай, Алмас Кішкенбаев, Меломен, Орда, Ринго топтары, Артур Төлепов, Луина, Дильназ Ахмадиева болды. Кешті көрерменге күлкі сыйлап жүрген Еркебұлан Мырзабек мен Марат Оралғазин жүргізді.
Альбом «Арман» деген есіммен аталған. Оны Әлиден не себепті және неге сүйеніп қойғандығын сұрағанда «Арман әні ол менің ең алғаш жарық көрген және халық арасында кеңінен танымал болып келген әндерімнің бірі болғандықтан осылай атауды жөн көрдім» деп жауап қатты. Альбом он бес ән жинағынан тұрады: 13-і қазақ, қалған екеуі орыс тілінде жазылған.
Кештің басы әсем ән мен тәтті күйден басталып, би кештеріне ұласты. Соңына қарай Әли барлық қолдаушылары мен жақындарына ыстық лебізін білдіріп, ән табақшасы тәрізді етіп жасалған дәмді торттан ауыз тигізді.
Ал Massaget.kz сайты Әли Оқаповқа шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тілейді!
Оқи отырыңыз:
Бүгін Лионель Месси туылған күн (Видео
Лионель Мессидің жетістікке жету тарихы
Виктор Цойдың ең соңғы концерті (Видео)
Astana Opera төрінде La Scala жұлдыздары!
Арнайы Massaget үшін: Нұрбол Нұрмаханұлы, Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Н. Нұрмаханұлы