Мәдина Сәдуақасова режиссерге тұрмысқа шықты

Мәдина Сәдуақасова режиссерге тұрмысқа шықты

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ел арнадағы "Жарайсың" бағдарламасының режиссері Олжас Смағұловпен отау құрды. Бұл туралы кеше "Жарайсың" бағдарламасының продюсері Асхат Садырбай өзінің туиттердегі парақшасында "Ел арнаның" директоры Серік Аббас-Шахтың фэйсбуктегі жазбасына сілтеме жасай отырып мәлімдеді. 

Мәлімдемесімен қатар Асхат Садырбай мыңдаған жігіттің арманына айналған сұлуды қолына қондырған серінің суретін де жариялады.

Асхат Садырбайдың туиттердегі парақшасынан алынған сурет. Суретте: Олжас пен Мәдина 

Бұл хабарды Мәдинаның өнердегі құрбысы айтыскер Айнұр Тұрсынбаева да өз оқырмандарына жеткізді. "Мәдина құрбымызды ақ босаға аттап, отау тіккен қуанышымен құттықтаймын!", – деп жазды ол өзінің туиттердегі парақшасына. 

Жағымды жаңалықты нақтылау үшін Мәдинаға хабарласқанымызда әншінің администраторы әзірге ештеңе деп жауап бере алмайтынын айтқанымен, жаңалықты жоққа шығармады. "Той әлі болмады. Бірақ болуы мүмкін", – деп қысқа қайырды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Басты сурет: vk.com

М. Оңғарова