Қасым Қайсенов туралы фильм түсірілді

Қасым Қайсенов туралы фильм түсірілді

Қазақстандық көрермендерге Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыңшы Қасым Қайсенов туралы 4 бөлімдік фильм көрсетіледі.

"Қасым" фильмінің түсіріліміне Қазақстанмен қоса, Ресей, Украина мемлекеттері де мұрындық болды. Шет елдік мамандар Қасым атамыздың ерліктері баяндалатын бұл туындыға ерекше қызығушылықпен келді. Себебі бұған дейін фашизмге қарсы күрестегі Қазақстанның рөлі кинофильмдерде бейнеленіп көрмеген еді.

Айта кетелік, Қайсеновты Чапаевтың партизандық отряды соғысқан Украина елі "тыңшы Вася" атымен жақсы таниды. Фильмде Украина фронтындағы соғыстың нәтижесіне себеп болған Қайсеновтың ерлігі суреттеледі. Сюжет бойынша, ол неміс тыңшысына қарсы тұрады.

Фильм авторларының айтуынша, лента арнайы эффектілерге, романтикалық сәттерге толы. Кино кең аудиторияға негізделген. Қайсеновтың рөлін "Келін" фильмімен танымал Қуандық Қыстақбаев сомдады. Картина режиссері "Ақ киімдер", "Агент Блейктың таңдауы" ленталарымен жұмыс жасаған Леноид Белозорович. Кино Қазақстаннан бөлек, Ресейде және Украинада көрсетіледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ulanka.pushkinlibrary.kz