"Мұстафа Шоқай" - кемеңгер туралы фильм

17 Қаңтар 2012, 10:30

Қазақ киносының дамуына үлесін қосып жүрген беделді режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» киносы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген.

ХХ ғасырдың алғашқы тоқсанында саяси қызмет атқарған Мұстафа Шоқай өмірі мен тағдыры туралы тарихи туынды 2008 жылдың 20 қарашасында жарыққа шықты. Фильмде елінің азаттығын аңсаған азамат Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскен кезде көрген қиыншылықтары айқын көрініс тапқан. Сүйікті жары, опера әншісі Мария Горина жолдасының жанын түсініп, өз қызметін пида қылады.


Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Мұстафа Шоқайдың өмірінің көпшілік біле бермейтін кейбір сәттерін ашып, оны көрермен қауымға кеңінен танытты. Ол неше түрлі желеумен талай жанды концлагерьдегі өлімнен құтқарып, олардың Еуропа аумағында емін-еркін өмір сүруіне ықпал етті.


Фильм сценарийінің алғашқы нұсқасын белгілі жазушы Әкім Тарази кинороман қылып жазды. Кейін Сергей Бодров пен Ермек Тұрсынов кинороманға сүйене отырып, фильм сценарийінің жеті-сегіз нұсқасын жазып шығарған.

Басты кейіпкер Мұстафа рөлін қырғыз актері Әзиз Бейшеналиев сомдады. Ал оның жары Мария Горинаның бейнесін кәсіби әртіс болмаса да, қазақ өнерінде өз орны бар әнші-сазгер Карина Абдуллина жоғары деңгейде орындап шықты.


Фильмге Лия Нэльская, Тоқтарбек Қамшыбай,  Берік Айтжанов, Мұхаммед Исо Абдулхаиров, Игорь Гузун, Антон Зорба (Мясников), Наталия Аринбасарова, Сергей Уфимцев, Дмитрий Скирта, Иржи Конечны, Милош Конечны, Вацлав Легнер, Алексей Шемес, Бақытжан Әлпейісов, Сергей Погосян, Ирина Капустина, Григорий Ефимов (Эпштейн), Владимир Крылов (IV), Игорь Горшков, Марина Куделинская сынды қазақстандық және шетелдік әртістер түскен.

Қызықты мәліметтер:

  • Фильм үш жылдай уақыт түсірілді.
  • Марина Горина рөлін сомдауға ресейлік актриса Шолпан Хаматова шақырылған. Алайда, актриса қаламақысы жоғары болғандықтан, киноға басқа актриса іздестірілді.
  • Фильмнің ұзақтығы түпнұсқада бес сағатқа жетеді.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.


3281 0
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Қайда жоқсың, Айша?

Жаңалық атаулыны бірінші естіп, жаңадан шыққан кез келген әлеуметтік желіге бірінші болып тіркелетін, тек -...


БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ "АЙФОНЫ"

Сейфте сақталған сыр...


Аударма

Мен "Вне-вне штатный" аудармашымын...таныс құрбыларымнан текст алып, кино, мультфильм, т.б. аудармалармен...



Cайтымызда 20 000-шы жазба жазылды

Осы нәрсе мені ойдан-ойға жетелеп, нәтижесінде сіздерді сайттың басқа да статистикалық мәлімметтерімен...


Орнын тапқан олжа ғой

Қызу талқыланып жатқан қыздардың тұрмыс құру тақырыбы себеп болды жазуға, оқығаным болмаса жаза бермеймін...

Автор: Сұлу ******



Айдарлар бойынша қызықты


Әлемдегі ең қымбат iPad-тар рейтингі

Біз сіздерге арнайы тапсырыстармен жасалынған классикалық iPad-тардың жаңа бейнелерін ұсынамыз.

Юрмалада «Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты өтті

Латвияның курорт-қаласы Юрмалада «Жаңа толқын-2014» XIII Халықаралық музыка байқауының ашылу салтанаты болып...

Жұлдыз жорамал: 21.07.2014 - 27.07.2014

Осы аптада отбасы мүшелері мен жұмыстағы бастығыңыз сізден ерекше назарды талап етеді. Ренжісуден аулақ...


Кит пен дельфин жойылу алдында тұр

Шілденің 23-і күні ресми түрде "Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер" күні...

ӘЧ-2014. Символикалық құрам анықталды

Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатының символикалық құрамына енген футболшылар белгілі болды.

Видеодәріс: Интернеттен сурет арқылы ақпаратты қалай іздеуге болады?

Бүгінгі дәрісте интернеттен сурет арқылы ақпарат іздеуді үйренеміз



Соңғы бейнебаян

f(x) - Red Light [қазақша субтитрлермен]

f(x) тобы осы жазда өз жанкүйерлеріне Red Light әнімен қайтып оралды. Жанкүйерлер олардың қайтып оралуын ұзақ күтті. Өйткені көптен бері қыздар жаңа әндерімен қуантпап еді. Red Light олардың үшінші толық форматты альбомының басты әні болып табылады.

Аударған: T.Kyuti


Hyomin (T-Ara) - Nice Body [қазақша субтитрлер]

Хемин - T-ARA тобында Джиеннен кейінгі соло-дебют жасаған екінші мембер. Ол "Nice body" бейнебаянын 30 маусым күні көпшілікке жариялады. Ән "Brave sound" продюсерлігімен...


BEAST - No More [қазақша субтитрлермен]

BEAST тобы ты жаңа әндеріне бейнеклип ұсынды. Бейнеклипте Instagram тақырыбы қозғалған. Сонымен қатар онда актриса Ли Ю Биді көре аласыздар. Әннің өзі назды және...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Алдаспан" тобы"Сағыныш" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Барыс"
"Тұран" тобы"Қара жорға"
Роза Рымбаева"Махаббат бал өмір"
Роза Рымбаева"Жұмбақ сезім"
Роза Рымбаева"Асыл арман-ай"
"Алдаспан" тобы"Керуен" - М. Хасанов
"Алдаспан" тобы"Адай" - Құрманғазы
Роза Рымбаева"Аңыз ару"
"Алдаспан" тобы"Ел айрылған" - Халық күйі

Жаңалықтар мұрағаты