Астанада "Новый Человек-паук" фильмінің қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті

Астанада "Новый Человек-паук" фильмінің қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті

Астанада "Жаңа Өрмекші адам" (Новый Человек-паук) филімінің алдын-ала қайырымдылық нұсқасы көрсетілді. Көрсетілімге мектеп оқушылары, Қазақстанның іскер және саяси өкілдері мен интеллигенцияның өкiлдерi шақырылды.

Жиналғандардың алдында ұйымдастырушылар мен жобаның негізгі өкілдері: «Болашақ»Ассоциация Кеңесі төрағасы Бауыржан Байбек, MARWIN компаниясының директорының орынбасары Руслан Ахтямов, Damu Contract logistics филиалының директоры Михаил Шамаков, басты рөлді сомдаушы, актер Мерей Аджибеков (Питер Паркер) пен актриса Алима Каирбекова (Гвен Стейси) сөз сөйледі.

«Тілдің мәселесі біздің ғана емес, қазіргі әлем тілдерінің ортақ мәселесі. Менің ойымша алдағы уақытта еліміздің барлық өнімдері тек қана мемлекеттік тілде шығады деп ойлаймын, дегенмен ол уақыттың еншісінде. Қазіргі уақытта голивудтық өнімдердің барлығы жаңа ғылыми деңгейде шығуда. 215 миллион долларды құраған "Жаңа Өрмекші адам" фильмі ең сонғы технологиялар мен қондырғылардан жасалды. Алдағы уақытта да қазақстандық өнімдер жаңа технологиядармен жасалса, ол жастар үшін қызықты бола түспек »,-деді Байбек сөйлеген сөзінде.

Дубляждың режисері "Көліктер-2" ("Тачки-2") мен "Батыл жүрек" ("Храбрая сердцем") жобаларының жетекшісі Айжан Жамшитова болды. Фильмді толығымен дыбыстауға шамамен 30 шақты адам қатысты. Жобаның құны 17 миллион тенгені құрады. Фильм үстіміздегі жылдың  5 шілдесінен бастап еліміздің барлық аймақтарында кинотетрлардан  беріле бастайды. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Сурет: planeta-kino.com.ua

Л. Лига