«Лабиринттегі жүгіруші» фильмі жайлы бірер сөз

«Лабиринттегі жүгіруші» фильмі жайлы бірер сөз

«Лабиринттегі жүгіруші» фильмі Америкада Уэс Боллдың жетекшілігімен шықты. Біздің еліміздегі премьерасы 2014 жылдың 18 қыркүйегінде өтті. Фильм сценарийі Джеймс Дэшнер атты американдық жазушының аталмыш кітабының сюжетіне құрылған. Алайда сценарий, әдеттегідей, романның сюжетінен біраз өзгеше. Фильмнің актерлік құрамында Уилл Поултер, Дилан О’Брайан, Томас Сэнгстер, Кая Скоделарио, Патришия Кларксон, Джейкоб Латимор атты танымал актерлер бар. Басты рөлді сомдау Дилан О’Брайанға түсті. Ол «Бөлтірік» («Волчонок») атты сериалдың басты рөлдерінің бірінде ойнаған актер ретінде танымал болған еді.

Бұл фильмді режиссер фантастика, триллер, детектив жанрында таныстырды, яғни романтикасыз антиутопия.

Негізгі кейіпкер – лифт ішінде оянған Томас атты жігіт. Өзінің есімінен басқа еш нәрсе есінде қалмаған ол өзімен жасты 60 баланың арасына түседі. Отыз күнде бір рет лифт жаңа баланы алып келіп тұрады.

Бұл балалар екі жыл бойына жабық мекенде тұрып келеді. Жер ананың беретін тағамымен тамақтанып, өмір сүреді. Оларды жан-жақтан лабиринт қоршаған. Күнде таңертен есігі ашылады да, «жүгірушілер» шығу жолын іздеуге шығады. Лабиринт есігі жабылғанша қайтып келуге үлгермесе, ешқашан оралмайды. Кейіпкерлердің ол жерден шығуға үміттері жоғала бастаған кезде лифт ес-түссіз жатқан қызды алып келеді. Ол қыздың өзімен бірге хаты болады. Осы жерден бастап кейіпкерлердің өмірі өзгере бастайды...

"Лабиринттегі жүгірушіні" көрермен трейлер шыға салысымен асыға күткен еді. «Аштық ойындары» мен «Дивергент» фильмдеріне жанрлық, сюжеттік ұқсастығы бар бұл фильмнің көрерменнен алған бағасы әртүрлі. Бірі төмен бағалап, «Аштық ойындарына» жетпейтінін айтып жатса, екіншісі сапалы, сюжеттік желісі қызықтырып отыратын фильм деп бағалады. Талғамға талас жоқ демекші, өзіңіз бір рет көргеніңіз дұрыс.

Ал фильмді көріп үлгергендер болса, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер! 

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: kino.kz

Ф. Абилова