Бүлдіршіндер «Ұшақтар: от және су» мультфильмін тамашалады

Бүлдіршіндер «Ұшақтар: от және су» мультфильмін тамашалады

Кеше Алматыдағы Сары-Арқа кинотеатрында «Ұшақтар: от және су» мультфильмінің алдын-ала көрсетілімі болып өтті.

Көрсетілім басталмас бұрын балалар түрлі ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Air Astana», «Sсat» әуе компаниялары ұсынған түрлі сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар, балалар ата-аналарымен бірге ұшақтардың суретін салып, «Меломан» компаниясының сыйлықтарымен марапатталды.

Almaty Spotting клубы авиация саласына қызығатындарға арнап түрлі ұшақтардың модельдерін ұсынды. 

Анимациялық фильмді түсіру жұмыстарына 50 000 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалған. Орыс тілінде дубляждағандар: Константин Крюков, Сергей Чихачев, Анна Ардова, Даниил Эльдаров және басқалар.

Роберт Ганнавейдің мультфильмінің басты кейіпкері Дасти – әлемге атағы жайылған спортшы-шабандоз. Алайда, көп ұзамай қозғалтқышында ақау пайда болып, спортпен қоштасуына тура келеді. Бұдан кейін Рейнджер Винттің басқаруындағы өрт сөндірушілер командасына келіп қосылады.  Басқалар өрттен қашқанда өрт сөндірушіледің тілсіз жаудың ішіне енуі қаншалықты қиын жұмыс екенін түсінген Дасти енді өз өмірін осы салаға бұрады.

Мультфильмнің Қазақстандағы прокаты 21 тамызда басталады.

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: massaget.kz, afisha.chita.ru

Y. Smaghul