«Бекзат» фильмінің алғашқы тизері шықты

«Бекзат» фильмінің алғашқы тизері шықты

Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы, марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы тизері жарық көрді.

Алдын ала хабарлағанымыздай, қазақстандық танымал режиссер Ермек Шахмет «Бекзат» деп аталатын биографиялық кинофильм түсіруді қолға алған болатын. Фильмде бас кейіпкер рөлін Асылхан Төлепов сомдайды.

Режиссер Ермек Шахмет әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жуық арада фильмнің тағы бір тизері және толыққанды ресми трейлері шығатынын хабарлады. Фильмнің премьерасы биыл күзге жоспарланған болатын.

"Бекзат" фильмінде Асылхан Төлеповтен бөлек, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа т.б. актерлер ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ етіп, чемпион атанған болатын. Сол жылы, 31 желтоқсанда аса дарынды спортшы жол апатынан қаза тапты.

«Бекзат» фильмінің алғашқы тизері:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Massaget.kz

Н. Айдархан