"Галактика сақшылары" – 2000-нан астам адам ойнаған фильм

"Галактика сақшылары" – 2000-нан астам адам ойнаған фильм

Ең алғаш рет 1969 жылы Арнольд Дрейк пен Джин Коланудың арқасында «Галактика сақшылары» «Marvel қаһармандары» комиксінің он сегізінші басылымында атала бастайды. Осылайша 2008 жылдың мамыр айында Дэн Абнетт пен Энди Леннинг Жұлдызды Лорд, Ракета жанат, Квазар, Адам Варлок, Гамора, Қиратушы Дракс және Грут секілді жаңа қаһармандары бар комикс ойлап табады.

Түсірілім барысында «Галактика сақшылары» фильміне Тайлер Бэйтс арнайы жазған әуен ойнап тұрған. Джейм Ганнаның айтуынша, аталған әуен түсірілім тобы мен актерлерді жігерлердіріп, назарларын қажет арнаға бұруға көмектеседі. Мұнымен қатар Питер Квилт үнемі тыңдап жүретін 70 жылдардағы әуендер де пайдаланылған.


Реквизитор тобы Барри Гиббспен бірігіп, Питер Квиллдің жоғалтып алған касета салатын плеерін 4 ай бойы іздеген. Нәтижесінде фильмге жарамды деген әуендер жазылған 16 плеер тапқан.

Қоюшы суретші Чарльз Вуд пен оның тобы фильм түсіріліміне арнап үлкен көлемді бірнеше декорация тұрғызған. Ішінде ең үлкені «Галактика сақшыларының» барлық мүшесі бір-бірімен кездесетін «Килн» түрмесі болды. Аталған 3 бөлікті құрылымды жасау үшін 160 тонна құрыш пайдаланылған.

Питер Квиллге тиесілі «Милано» кемесі «Bell Aircraft X-1» зымыран қозғалтқышының негізінде жасалған. Миланоның төменгі бөлігінде экипаж кабинасы, ал үстіңгі бөлігінде пайдалануға арналған бөлмелер орналасқан. Кемені жасау үшін 2 апта уақыт кеткен. Питердің кемесі тек Жер шарын елестетіп қана қоймай, техниканың соңғы мүмкіндіктеріне барынша сай жабдықталуы тиіс еді. Мұнымен қатар қоюшы суретшілер Айыптаушы Ронанның «Қара Астр» кемесін жасауда ерекше дизайнды пайдаланған.


WWE нұсқасы бойынша, әлем бойынша ауыр салмақтың көшбасшысына айналған Дэйв Батиста Талқандаушы Дракстың рөлін сомдайды. Кейіпкер тағдырының қаншалықты ауыр болғанын денесіндегі тыртықтар мен татуировкалардан көруге болады. Дракстың образын ойлап табуда 5 адамнан құралған команда еңбектенеді. Күнделікті 18 бөліктен тұратын пластикалық кесінділермен кейіпкерді көмкеру үшін 4 сағат кетеді. Дэйв Батист түсірілім аяқталар кезде 7 тәулік бойы гримдеушілердің қолында болған. 

Түсірілім барысында гримдеушілер бетке арналған 1 250 силикон жапсырма жасап шығарған. Жалпы 50 гримдеуші жұмыс жасаған.


Блокбастердің ауқымды бөлігін түсіру барысында 2 000 адам қатысқан тұстары да болған.

Ең бастысы – аталған фильм ана тілімізге аударылған. Отандық кинотеатрлардан орысша және қазақша нұсқасын бір уақытта көре аласыздар. Көрсетілім 2014 жылдың 31 шілдесінен басталады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай