- Негізгі бет
- Кино
- Баян Есентаева махаббат...
Баян Есентаева махаббат туралы сериал ұсынады
Танымал тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Есентаева ағымдағы жылдың күз маусымында жаңа жобасының тұсауын кеспек. Көпсериялы жаңа картинаның аты – "Махаббатым жүрегімде" екен. Продюсер бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлаған.
"Махаббатым жүрегімде" көркем фильміне арналған синопсистің суретінің астына: "Кеттік!!! Біздің жаңа жобамыз "Махаббатым жүрегімде", 12 сериялы нағыз махаббат туралы фильміміз осы күзде "Хабар" арнасынан көрсетіледі!!!", –деген пікір қалдырылған.
1993 жылы жарыққа шыққан "Махаббат бекеті" фильміндегі Гүлнәз рөлімен жұлдызы жанған актриса өз продюсерлігімен түсірілген "Ғашық жүрек", "Күләш", "Тракторшы махаббаты", "Абайлаңыз, сиыр!" картиналарымен елге танылды. Бұл жолғы махаббат туралы фильмнен де күтеріміз мол.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: tv.headline.kz, vk.com