«Құлдықтағы 12 жыл» фильмінің актрисасы әлемдегі ең сұлу әйел атанды

«Құлдықтағы 12 жыл» фильмінің актрисасы әлемдегі ең сұлу әйел атанды

Брэд Питт продюсерлік еткен «Құлдықтағы 12 жыл» атты киноның екінші пландағы актрисасы Люпита Нионго американдық "People" журналының таңдауы бойынша жылдың ең сұлу әйелі атанды. Ол Голливудтың 31 жастағы актрисасы Эмбер Херд (6 орын), Стэйси Киблер (9 орын) және Керри Вашингтон (10 орын) секілді бір-бірінен өткен әсем әріптестерін артта қалдырған.

«Кішкене кезімде ең әдемі қыздар рейтингін тек ақ нәсілді әйелдер ғана ала алады деп ойлаушы едім, бірақ ондай болмай шықты. Анашым маған «өте сұлусың» деп әркез айтатын. Міне, оның нәтижесі!» дейді Люпита "People" журналына берген сұхбатында. 

Нионго Мексикада туған, бірақ әке-шешесі кениялық болғандықтан, сол жақта жастық шағын өткізеді. Сосын ол АҚШ-та қоныстанып, Йель университетінде актерлік сабақтарын алады. Осы жылдың наурыз айында Люпита Нионго екінші пландағы ең үздік рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алды. Журналдың басылымы шыққаннан кейін актриса "Lancome" косметикалық брендімен келісімге отырды. Аталған кинокартина осы жылғы кинофестивальдардың да шыңынан көрінеріне күмәніміз жоқ.

"People" журналы ұсынған ең сұлу әйелдердің 2014 жылғы рейтингісі:

1. Люпита Нионго 

2. Кери Рассел 

3. Дженна Деван-Татум

4. Минди Калинг 

5. Пинк 

6. Эмбер Херд 

7. Габриэль Юнион 

8. Молли Симс 

9. Стэйси Киблер 

10. Керри Вашингтон

Естеріңізге сала кетейік, "People" журналының таңдауымен өткен жылы бұл жоғарғы титулды Гвинет Пэлтроу иемденген болатын. Ал ең алғашқы рейтингінің көшін 1990 жылы Мишель Пфайффер бастаған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: 7days.ru

Ж. Өрісбай