"Бауыржан Момышұлы" сериалының трейлері жарыққа шықты

"Бауыржан Момышұлы" сериалының трейлері жарыққа шықты

«Хабар» телеарнасы режиссер Ақан Сатаевтың "Бауыржан Момышұлы" телехикаясының трейлерін көпшілікке таныстырды. 

Төрт сериядан тұратын телесериал Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының бірінші бөлімі негізінде түсірілген. Жобаны Sataifilm компаниясы "Хабар" агенттігінің тапсырысымен іске асырды. Телехикаяның режиссері – «Жаужурек мың бала», «Рэкетир», «Ликвидатор» фильмдері арқылы таныс Ақан Сатаев.

Сериал әйгілі қазақ батырының әскери өмірінің басы жайлы хабар береді. Момышұлының рөлін Еркебұлан Дайыров, жұбайын Әсел Сағатова сомдаған. Генерал Панфиловтың рөлін Виктор Ашанин ойнады.

«Бауыржан Момышұлы» телехикаясы Алматы облысында және Минск қаласында түсірілді. Телехикая желтоқсан айында «Хабар» телеарнасында жарыққа шығады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: dailynews.kz

С. А