"Елес қуған сайыпқырандарды" желтоқсаннан күтіңіз!

"Елес қуған сайыпқырандарды" желтоқсаннан күтіңіз!

Жақын күндері фантастика элементтерін бір арнаға тоғыстырып, экшн жанрында түсірілген "Елес қуған сайыпқырандар" ("Охота за призраками") фильмін көре аламыз. Премьера желтоқсан айының жиырма алтыншы жұлдызына белгіленіп отыр. Бұл туралы Тoday.kz сайты хабарлады.

Сіздер басты рөлдерден сүйікті актерлеріңіз Санжар Мәдиевті, ару қыздарыңыз Әсел Сағатованы және Кристианна Локен мен Никита Пресняковты көре аласыздар. Динамикалық экшннің режиссері – Марина Қонарова.

Фильмде ержүрек полицей (Санжар Мәдиев) Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков кейіптейтін жұмбақ хакердің ізіне түседі. Кейіпкерлердің жолына мейірімсіз Раш (Кристанна Локен) кесе-көлденең тұрған сәттен бастап оқиға шиеленісе түседі. Әсіресе Әсел Сағатованың пайда болуы бәрін өзгертеді.

Сондай-ақ, бұл картинадан Арманд Ассанте де («Одиссей») көрінетін болады.

Айта кетейік, "Елес қуған сайыпқырандар" фильмінің алғашқы түсірілім жұмыстары 2011 жылы басталып, 2012 жылдың күзінде көрерменге ұсынылады деп жоспарланған екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kazakhfilmstudios.kz