Қызбен не жайында әңгімелесуге болады?

Қызбен не жайында әңгімелесуге болады?

Қызбен әңгімелесуде не туралы айтуға болады? Қыздар қауымы нені жақсы көреді? Қандай жігітті кездестіргісі келеді? Қыздардан қылық тартуға болатын қызық тақырыптар:

* * *

Кино. "Ал сен кинотеатрда... болып көріп пе ең?" деген сұрақтан бастаймыз. Нені ұнататынын анықтаймыз, түнгі көрілімге барып жүрген-жүрмегенін білеміз, артынан жаңа кинолар жайлы айтып, фильмге шақырамыз - іс оңдалды! 

Әуестену. Мысалы, сіз ролик тебесіз немесе маркаларды жинайсыз дегендей. Алғашқы жағдайда, аз-кем шүйіркелесуден соң ролик тебуге шақыруға болады. Егер тебе алмаймын десе, үйретем деп уәде беріңіз. Тағы бір жолы маркаға байланысты романтикалық бір қызық оқиғаны айтып беріп, топтамаларды көруге шақырыңыз. Әңгіме барысында қыздың өзінен неге әуестенетінін сұрап біліңіз және сол туралы айтуына мұрсат беріңіз. 

Әдебиет. Қыздар оқығанды жақсы көреді? Егер "иә" болса - алға. Соңғы уақытта не оқыды? Қай жазушыны ұнатады? Өзіңіздің не оқып жүргеніңізді айтыңыз. Мүмкін, жақында қай кітаптың экранизацияланатынын білетін шығарсыз? 

Мұражай, ескерткіш орындар. Сүйікті қалаңда ескерткіш табылып қалар. Жолсерік кітапты алып, жұрт көп ағылатын жерлер туралы ақпарларды біліп алыңыз. Сонда барып кез келген сәтте ой-жүйеңізді мынадай рухта көрсете аласыз: "Сен білесің бе, бұл үйде ... өмір сүрген?" Ханымның сүйікті жерлерін сұрастырып, ұнататын паркі жайлы романтикалық тәлімді оқиғалар айтып беріп, серуенге шақырамыз. 

Жаман әдеттер. Ең дұрысы "жағымды" кемшіліктерді тізген дұрыс: үнемі кешігіп жүру, қаламсап жоғалта беру немесе керісінше - білдірмей жақындарыңның қаламдарын жинап алу. Бастысы, көңілді болғаны дұрыс. 

Ақша. Күнделікті жолақы, тамақтану, дискілер мен кітаптар туралы айту - әңгімелесуге таптырмас мүмкіндік. Шындығы, көп созбалап кетпеңіз, тағы сізді дүниеқоңыз деп ойлап қалып жүрмесін. Бір-екі пікір алмасудан соң басқасына көшіңіз.  Мысалы, асқа.

Ас.  Отбасының ас мәзірі, не болмаса таза ауада кәуәп (шашлык) жеу, т.б. Өзіңіз ұнататын кафелердің біріне бару немесе демалыс күнгі қала сыртына серуеннің өзі жетіп жатыр. 

Саяхат, серуендер. Жақында болып қайтқан саяхаты туралы айтуына болады. Оның қайда барғысы келетінін, ұнататын ауа-райын, болғысы келетін жерлерін сұраңыз. Көбіне не ұнайды - орман, тау немесе өзен, көлге күмп беріп шомылу. 

Көліктер, транспорт. Қызық сұрақ болса да сұраңыз, қызыңыз автобус айдай ала ма екен. Егер "жоқ" десе, айдауға деген тілегін сұрап көріңіз. Қандай көліктер ұнайды? Тағы қандай транспорт түрлерін айдағысы келеді екен - ғарыштық кеме немесе бронетранспортер? Арманыңыздағы көлік туралы ойларыңызбен бөлісіңіз. 

Жұмыс және оқу. Жұмыс немесе оқу практикаңыздан бірнеше қызықты делінген оқиғаларды айтып беріңіз. Ұжымдағы қарым-қатынасы туралы сұраңыз: ортақ мерекелер ұйымдастырылып тұратыныны туралы, басшылығы туралы және оқытушысы жөнінде сұрастырыңыз. Бұл оқиғалардың бірінде бірігіп күлуге тұрарлық бір қызық оқиғаның табылатыны хақ. 

Демалыс. Демалыс күндері немен айналысасыз? Жауаптың кез келген түріне сын тақпаймыз, тіпті, егер қыз күні бойы диваннан тұрмай, тәтті жеп жатып алатын болса да. Мүмкін, оның жұмысы ауыр шығар, және бұл -   стреске компенсация. Сіздің міндетіңіз, әңгімені үзбей отыру. 

Спорт. Жақсы көретін спорт түрінен бастаңыз (сақ қимылдаңыз). Егер қыздың балет, не болмаса бимен айналысатынын естісеңіз, "тамағыңызды кернеп тұрып" күлуші болмаңыз. Үйде айна алдында өкшемен тұрып, аяқ көтеріп, отырып-тұрып, секіріп және бірнеше сағатқа қолды әдемі сермеп көріңіз. Балет пен азаптың арасы сізге еш байланыссыз болары анық, есесіне, ауырлықтың деңгейін сезінесіз. Әйгілі спортшылар, жаттығу залдары, жүзу түрлері, спорттық туризм - ауырлығы еселене түспек. 

Спорттан - денсаулыққа. Жертөледе желім иісін иіскеп отырғанша, таза ауада велосипед тепкеніңіз әлдеқайда дұрыс болар. Бірге отырып, осы бір тақырыпта данышпандық танытыңыз. Егер, әрине, сіздің ақыл үйреткіш лекцияңыз барысында есінеп отырмаса. 

Қарым-қатынас. Бұл тұста оның қандай жігітті кездестіргісі келетіні туралы қызығушылық танытуға мүмкіндік бар. Нені көтере алмайды: шөп салу, беймазалықты, ашкөздікті, сараңдықты және т.б. Жауапқа деген өз көзқарасыңызбен бөлісіңіз. Достары туралы туралы сұрастырыңыз, өзіңіз туралы айтып беріңіз. Тек, артық кеткен тұста бұрынғы қыздарыңызды ауызға алушы болмаңыз. 

Балалар. Інісі, әпкесі, туыстары және жай ғана достары. Міндетті түрде айтуға бір нәрсе шығады: күлкілі сөздері, қырсықтықтары, мінездері. Және өзіңіздің қаншалықты салмақты адам екеніңізді сұрап көріңіз. 

Сыйлықтар, мерекелер. Қай мереке қатты ұнайды? Қандай сыйлықтарды жақсы көреді? Сыйлағанды немесе алғанды? Өзіңіз туралы - міндетті түрде. Мысалы, сіз қысты, Аяз атаны, Жаңа жылды жақсы көресіз ғой... 

Киім. Сырт келбетіне қошемет айту естен шығып кетпесін. Өзіңіздің ұнататын джинсыңыз жайлы әзіл келтіріңіз. Сұраңыз: сахнада жұмыс жасайтын жігіттерге қалай қарайды екен? Қыздың кез келген киіммен сұлу екенін тілге тиек ете кетіңіз (меңзеңіз) - кез келген жігіт бұл туралы білетін шығар. 

Үй жануарлары. Ашуланшақ бір қыздың алдынан табылмасаңыз, тақырып өздігінен қызықты. Оның мысығы, иті, тышқаны, балығы, тотықұсы болуы мүмкін. Мақтаңыз! 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:bugaga.ru 

Л. Лига