Сүйінші! Алаш елінде бесінші алтын!!!

Сүйінші! Алаш елінде бесінші алтын!!!

Қазақтың толағайы Илья Ильин XXX жазғы Олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағынды!

94 келі салмақта өнер көрсететін 24 жастағы толағайымыз Илья Ильин жұлқа көтерудің үшінші мүмкіндігінде 185 келіні көтерді. Оның алдында 182 мен 177 келі салмақты қиналмай бағындырған болатын. Ал тағы да бір қазақ спортшысы Алмас Өтешов жұлқа көтеруде 175 келіні көтере алды. 

Алтын жүлдеге басты үміткер болып саналатын ресейлік Александр Иванов екінші мүмкіндігінде мүлт кетіп, үшінші мүмкіндігінде 185 келі салмақты көтерді. Және нағыз мықтылар серпе көтеруде анықталды.

Серпе көтеруде ресейлік спортшы Александр 215 келіні алса, біздің толағай Алмас жігіт 213 келіні көтерді. Бірінші мүмкіндігінде Ильямыз 224 келі салмақты ойланбай алды. Бірақ, Иванов та 224 келіні бағындырып, алға шықты. Өкінішке орай, Өтешов 225 келі салмақты көтере алмады.

Үшінші мүмкіндікте Илья 228 келіні тағы да көтере алды. Ал орыс жігіті Александр Иванов 229 келіні көтере алмай қапы қалды. Біздің отандық зілтеміршіміз Илья Ильин 233 келіні көтеріп, жалпы есепте 418 ұпай жинап, екі бірдей әлемдік рекордты жаңартты.

Қуан, қазақ, біздің Илья - Олимпиада чемпионы!!!

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига