Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Адамдар мен арандар

Адамдар мен арандар

Адамдар мен арандар

Бір топ адам биік тау, құзарлы шыңның тұсынан өтіп бара жатты. Ішінен бірі шыңның басын көрсетті. Ол нұсқаған бағытқа бәрі қарай қалысты. Олар тау түбіне жайғасып, бірнеше күн тынықты. Олардың не мақсатта бұл арада жүргенін білген маңындағы ауыл тұрғындары жинала бастады. Арқандарын сайлап, құралдарын реттеген топ кісі шыңға қарай өрмелей жөнелді. Жиналған қауым ду-ду күліп, оларды мазақтап: «Ойпырай, мыналар қайдан келген батырлар?! Бұл өте қиын, сендер шың басына мәңгі шыға алмайсыңдар!» деп бірінен кейін бірі оларға ақыл айта бастады. Шыңшылардың бірі жиналған топтың қасынан ұзамай жатып, артына, айтылған сөзге қарайлап, қалып қойды. Бір-екеуі жарты жолға жақындағанда жар түбіндегі мазаққа шыдамай, сол асылған күйлерінде қалып, аздан соң қайтудың қамын жасады. Тек екі кісі ештеңеге алаңдамай, қарайламай, ақырын жылжи берді. Шың басына арқан бойы қалғанда екеудің бірі аяғын құшақтап, жар түбіндегі халыққа қарайлап отырып қалды. Тек біреуі... Алға кете берді. Бұл маңдағы тұрғылықты халықтың ешқайсысы оның мүмкін еместігін айтып қанша айғайласа да, ол артына қараған жоқ. Ақыры шың басына шықты. Көкірегін салқын самалға тосқан ол етектегі жұртқа қарап, айғай салды. Дауысының жұртшылыққа жетер-жетпесін де межелеген жоқ. Қуанып тұр:

- Кешірім өтінем, менің құлғым естімейді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 51743.cn

1609 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 19 наурыз 2013, 17:45
Пікірлер
+0
19 наурыз 2013, 18:16

Дұрыс, жұрттың сөзіне ермеу үшін "керең" болуың керек

+0
19 наурыз 2013, 18:20

Мен бұл мысалды басқаша түрде оқығанмын, адамдардың орнына бақалар деп жазып қойған екен. Негізі жақсы мысал, өзгелердің ойымен емес, өзіңнің ойың, сенімін маңызды!

+0
19 наурыз 2013, 21:38

иә, маған да ағам бақа туралы нұсқасын әңгімелеп берген. "Кешірім өтінем, менің құлағым естімейді" :!:

+0
19 наурыз 2013, 20:58

иа тек алга гана журе бер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...