Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / "Снукер" ойынының ережелері

"Снукер" ойынының ережелері

Назарларыңызға снукер ойынының ережесін ұсынамыз.

1. Ойын мақсаты.

Ойын комплекті 15 қызыл, 6 түрлі-түсті, бір ақ шардан тұрады.

Ойын мақсаты - шарларды ұяшықтарға түсіру арқылы ұпай жинау. Объекттік шарлардың ұяшыққа түсуі ойыншыға мынадай ұпайлар әпереді:

Қызыл шар - 1 ұпай

Сары - 2

Қоңыр - 4

Көк - 5

Алқызыл (оранжевый - ор.) - 6

Қара - 7.

2. Бастапқы соққылар.

- Бәйге ақ шарды ойынға қосу арқылы басталады. Ойыншы аталған шарды жартышеңбердің кез келген жеріне қойып іске кірісуіне болады.

- Келесі ойыншының кезегі қарсыластың қателігінен кейін келеді.

3. Ойын ережесі.

Соққыға кезек алған ойыншы ең алдымен қызыл шарлардың бірін көздеуі керек. Соққы нәтижесінде

- ұяшыққа ақ түсті шар кіріп кетсе,

- ақ шар алдымен қызыл шарға тимесе,

- ұяшықтарға тек қана қызыл шарлар кірмесе, 

ойын ережесі бұзылған болып танылып, фол жарияланады.

Егер ұяшыққа бір де бір қызыл шар түспесе, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойыншы қызыл шарларды ұяшыққа кіргізе алса, келесі кезекте түрлі-түсті шарларға ауысуы керек.

Түрлі-түсті шарларға бет бұрған соң, мына ережелерді есте ұстау керек. 

- Ақ шар ұяшыққа кірмеуі керек.

- Егер үстелде қызыл шарлар бар болса, ақ шар алдымен түрлі-түсті шарларға тиюі керек.

- Үстелге қызыл шар болмаса, ақ шар ең алдымен нөмірленген түрлі-түсті шарлардың ең төменгісіне тиюі керек.

- Ақ шарға алғаш соқтығысқан шар ғана ұяшыққа кіруі керек.

Бұл ережелер бұзылса, фол жарияланады.

Егер бірде-бір шар ұяшыққа кірмесе, кезек келесі ойыншыға беріледі. Дегенмен де ойыншы мақсатына жетіп қанжығасына ұпай сала алса, келесі кезекте снукерші қызыл шарларды көздеуі керек. Үстелде қызыл шар қалмаған болса, ең аз ұпай беретін шарға ауысуы керек.

Әрбір соққыға 60 секунд уақыт беріледі.

4. Фолдар.

Егер фол орын алған болса, қарсылас ойыншы қосымша ұпайға ие болады:

- ұяшыққа ақ шар еніп кетсе, 4 ұпай,

- уақыт лимиті бітіп қалса, 4 ұпай,

- ақ шар ереже бойынша жанаспауы тиіс шарға тиіп кетсе, сол шардың құнына сәйкес ұпай беріледі.

- Ұяшыққа кірмеуі тиіс шар еніп кетсе, сол шардың құнына сәйкес ұпай беріледі.

Фол орын алса, қарсылас снукерші:

- ойынды сол қалпында жалғастыруға,

- қарсыласына тағы бір мүмкіндік беруге (бастапқы позицияға оралмай) құқығы бар.

5. Ойын соңы.

Үстелде тек қара шар қалып, ойыншыны тасты ұяшыққа кіргізіп жіберсе, фол жарияланады.

Әңгімеміздің соңында көңіліңізді бір серпілту үшін мына роликті ұсынамыз:

Ойын үстіндегі күлкілі сәттер

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: city21.tv

1802 2
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 қазан 2012, 17:31
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 18:16

Кезінде осы снукердің шеберін көріп ем - төрт партияны қатарынан өзі бастап, өзі аяқтады. Бірақ мұндайынан кейін онымен ешкім ойнамай қойған^_^ Ереке, ойын ережелерін өстіп түсінікті етіп жиірек жариялап тұрсаңыздар екен. Өзімді біраздан бері қызықтырып жүрген, бірақ ережелерінен мүлде білмейтін бірсыпыра ойындар бар. Спорт ойындарынан бейсбол мен керлинг, үстел ойындарынан го, шоги мен маджонг. Маджонгтікі қиын деп естігем, әсіресе халықаралық жарыстарда қолданылатын ережелері сұмдық дейді-_-'

+0
02 қазан 2012, 18:39

осы ойынды ойнай алатындарға қатты қызығамын :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...