Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері

Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Фото: takefon.com

Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма, жоқ па?

Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дәстүрлі медицинасы тұрғысынан ашып берді. Көңіл ауанын бейнелеу лайықсыздығы ауруға душар етеді Медицинада, физиологиялық аурулардың көбі, айталық, әдеттегі тымаудан тартып ракқа дейін писхологиялық қысыммен қатысты деген күмән бар. Медициналық зерттеулер, адам ұнжырғасы түсіп, торығып, пейілсіз күйге душар болғанда, денедегі күрделі амин мен допамин шамасы төмендейтіндігін дәлелдеді. Күрделі амин адамның ауруды сезу қабілетін реттейді. Торығу пиғылы бар науқастардың 45 пайызда әр алуан ауырсыну, жайсыздану түйсігі болатынының себебі міне осында. Әр түрлі түйсік-сезімдер мен көңіл-күй адамдардың бәрінде болатын жәйт. Жайшылықта бұл қалыпты рухани физиологиялық құбылысқа тән. Әр алуан көңіл күй әрекеттерінің бәрінде сезімді ояту, физиологиялық әрекеттерді сәйкестіру рөлі болады. Дей тұрғанмен, клиникалық тәжірибелер, адам жанының ызалануы, қайғыру, ой соқты болу, уайымдау, үрейлену сияқты жағымсыз көңіл-күйлері меңдеп алып, ол толық бейнеленіп шықпаса, денсаулыққа аса зиянды болатынын, тіпті, дертке шалдықтыратынын дәлелдеген. Бұндай аурулар да көңіл-күйден болған аурулар делінеді.

Қытай дәстүрлі шипагерлігі, әр алуан сезім-түйсіктер мен көңіл күйлерінің ішкі ағзалармен арасында мынадай қатынас болады деп қарайды:

өкпе қайғы мен уайымды меңгереді, шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені зақымдайды;

Жүрек қуанышты меңгереді, шектен тыс шаттану жүрекке зақым жеткізеді. Айталық, мереке-мейрамдарда, шектен тыс шаттанудың әсерінде жүрек науқасы қозғалып қалатындар үнемі кезігеді;

Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайды

Қатысты зерттеулер көрсеткендей, тамаша, көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығына ең демеуші болатын бір түрлі күш екен. Егер көңіл-күйді реттеудің ебін біліп, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі де жадыраңқы ұстай білгенде, аурудың алдын алып, сырқатты әу бастан емдеудің өнімін көруге болады.

АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқаған: ғашықтық сезіміне шомған адамның денесінде бір жылдай “нерв өсу факторы” дейтін заттың деңгейі арту жағдайында тұрады екен. Гормон сияқты осы зат жаңа ми клеткаларын тітіркендіріп, олардың өсуін жебеп, жүйке жүйесінің қалпына келуіне, әрі есте сақтау қуатының артуына игі ықпалын көрсетеді. Ал шынайы қарқылдап күлу адамның психологиялық қысымының жеңілдеуіне мүмкіндік жасап, қан тамырдың ішкі қабырғасын қорғауға, жүрек ауруының қозғалу ықтималдығын азайтуға тиімді келеді. Бұдан басқа, шын қайғырып қатты жылағанда да, неғұрлым мол гормон мен нервтік жеткізуші заттар бөлініп шығып, денедегі жабығу тудыратын химиялық құрамдарды жойып жібереді екен.Ғашықтық сезіміне шомған, қарқылдап күлген, разылық көңіл-күйіне бөленген адам қуанышқа шомып, өзін бақытты сезінеді, былайша айтқанда, қуанышты көңіл-күйде болады. Қуанышты жүрек меңгереді, сондықтан “Қуаныш” жүрекпен қатысты болады. Қытай дәстүрлі шипагерлігі теориясында: “Жүрек қанды меңгеріп, рухты сақтайды”, рухпен нұрланған жүрек – адам денесінің тіршілік қимылының әміршісі іспетті, ішкі ағзалар жүректің біртұтас қолбасшылығында болғанда ғана, біріңғай сәйкесті тіршілік әрекетін жасай алады – делінеді. Шат көңілді, рухы көтеріңкі, ойы сергек, дене мүшелері қалыпты жұмыс істейтін адамның дені әрине сау болады. Сонымен бірге, жылаудың өзі көңіл-күйі жағынан алғанда оңды нәрсе емес, бірақ адам жылағаннан кейін, ішкі шері тарап, мұңы азайып, дене мүшелерінің рөліне жасайтын кері ықпалы жеңілдеп, денсаулыққа пайдалы болады.

kerekinfo.kz

B. ZHAQSYMBET