Миды шынықтыратын қарапайым тәсілдер

Миды шынықтыратын қарапайым тәсілдер
Фото: Vegetarian.ru

Ми белсенділігін арттыру арқылы адамның ойлау жүйесі дамиды. Ақылды болудың сыры да мидың жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Осының алдында миды шынықтыратын қарапайым тәсілдердің бес түрін бердік. Өзіңізді күтіңіз!

Жедел жадыңызды жаңартыңыз

Қалай жұмыс жасайды:

Қара нүктелері бейнеленген шаршылар сізге жедел жадыңызды қалыпқа келтіруге көмектеседі. 

Не істеу керек:

3-4 шаршы алыңыз да, ортаға тастаңыз. Тасталған кубиктерді қолыңызбен жауып-ашып тез-тез қайталаңыз. Тас жерге түскен сайын қара нүктемен белгіленген сандарды жаттап қалыңыз. Бұл әрекеттерді күніне 5-7 минут қайталап отырсаңыз, көрген затыңызды ұмытпайтын боласыз.

Миға да дәрумендер керек

Қалай жұмыс жасайды:

C, D және В тобындағы дәрумендер мидың жақсы жұмыс жасауы үшін керек. Тіпті оның жұмыс істеу күшін 10%-ға дейін арттырады.

Не істеу керек:

С дәрумені – жеміс-жидектерің бәрінде кездеседі деуге болады.  В дәрумені – жаңғақта, какао-боб жемістерінде болады. Ал «D» дәрумені қаймақ, тәтті тоқаштар мен тауық жұмыртқасында кездеседі. Бұл дәрумендерді пайдаланып тұру миыңызға қажетті.

 

Миға арналған жаттығулар

Қалай жұмыс жасайды:

Мидың дамуына арналған күнделікті жаттығу жасап тұру керек. Бұл мидың барлық қызметіне пайдалы.

Не істеу керек:

Тісті өзіңізге ыңғайсыз қолмен тазалаңыз. Яғни солақайлар оң қолмен және керісінше. Дәл осы қалыпта сурет салу керек. Мұның пайдасы зор.

Шет елдің киноларын субтитрімен көріңіз. Күнделікті мініп жүрген қоғамдық көлігіңізді ауыстырып мініңіз. Мүмкіндік тіптен болмаған күннің өзінде жұмысқа әлде шаруаңызға күндегіден басқа жолмен барыңыз.

Бәрін бақылауда ұстаймыз

Қалай жұмыс жасайды:

Бойыңыздағы қан мен қанттың мөлшері қалыпты болса, миыңыз жақсы жұмыс жасайды.

 Не істеу керек:

Жылына емес, 2-3 ай сайын тексеруден өтіп тұрған абзал. Дәрігердің айтқанымен жүру керек.

Моцартты тыңдаңыз

Қалай жұмыс жасайды:

Өзіңізге ұнайтын белгілі бір жанрдағы музыканы тыңдап жүріңіз. Бұл мидың белсенді болуына тікелей әсер етеді. Музыканың әсері жайлы алдыңғы жазбаларда айтып өткенбіз.

Не істеу керек:

Жанр ішінде Моцарттың жан дүниені тебірентер кез келген симфониясын тыңдаңыз. Әрбір жұмыс алдында 20-30 минут бұрын классика тыңдау арқылы миыңызды тынықтырасыз.

М. Ақан