Иіссуыңыз ұзақ тұрсын десеңіз

Иіссуыңыз ұзақ тұрсын десеңіз
Фото: altarta

Иіссу таңдауға дүкенге баратын болсаңыз, таңертең немесе түсте баруға тырысыңыз. Өйткені, осы кезде мұрныңыз иісті жақсы сезеді. Ал иіссуды да себер алдында ойлану керек. Себебі, денедегі тамыр соғысы, жүрек соғысының орналасқан жерлері иіссу себетін негізгі нүктелер. Бұл нүктелерге температура жоғары, сондықтан иісіңіз аңқып тұрғанын қаласаңыз негізгі нүктелерді ұмытпаңыз.

1 ереже.

Құрғақ теріге жаққан иіссу ұзақ тұрмайды, бірден исі кетіп қалады. Сондықтан оның ұзақ тұруы үшін теріні креммен немесе лосьонмен жұмсартып алып барып иіссу пайдаланғаныңыз дұрыс. Ал теріңіз тез майланатын болса алаңдайтын еш себеп жоқ.
2 ереже.

Иіссуды денеңізге жағатын ең қолайлы кезең душ немесе ванна қабылдағаннан кейінгі уақыт. Осы уақытта терідегі ұсақ тесіктер ашылып, иіссу исін ұзақ ұстайды.

3 ереже.

Концентрациясына да зер салыңыз. Парфюмериялық иіссу исі көпке дейін сақталады.

4 ереже

Иіссуды жаққаннан кейін қайтадан үстінен жаға берудің қажеті жоқ. Оның дұрыстап сіңуіне мүмкіндік беріңіз.

5 ереже.

Иіссуды күннің түсуінен сақтаңыз. Негізінде, салқын, құрғақ жерге қойғаныңыз жөн.

6 ереже.

Өзіндік табиғатына сай иістер бір-бірінен иісі қаншалықты тұратындығына байланысты ажыратылады. Теңіз, гүл иістеріне қарағанда жұпар иістілердің иісі ұзақ сақталады.

Дереккөз: anabol.kz

 

Ө. Сансызбай