Әуезов сипаттаған қазақы сақал түрлері

Әуезов сипаттаған қазақы сақал түрлері
Фото: el.kz

Қазақ халқы ежелден әдет-ғұрпына, салт-санасына берік халық. Ұлтымыздың ержүрек батырлары, данагөй ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, билер мен шешендер ата-баба дәстүріне сай сақал қойған. Әрине, сақал қою-қоймау әр адамның мәдени талғамының еншісінде. Сақал ер адамның иегі мен жағына шығатын түк. Сақал сөзі түркі тілдеріне, монғол тілдеріне ортақ сөз болып табылады. Монғолдарда «сахлаг» сөзі сақал деген ұғымды береді екен. 

Дана халқымыз ер адамның келбетінде сақалдың түрліше болып өсуіне байланысты оған атау берген. Мысалы, қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында кейіпкерлерді сақалдарына қарап сипаттап, түсі мен көлеміне қарай сақал атауларын қолданған. Сонымен, Әуезов жазған қазақы сақал түрлері туралы біле отырыңыз. 

Буыр сақалҚұнанбай

Жирен сақалБайсал

Шоқша сақалБарлас

Қаба сақалҚамысбай

Шошайған сақалтілмәш Қасқа

Күрең сақалЖиренше

Қалың бұйра сары сақалМайыр

Қоңыр сақал Бөжей

Бұйралау ұзын сары сақалБекей

Қызғылт қоңыр сақалҚадырбай

Шоқша буыр сақалБалта ақын

Селдір қара сақалАбай (24-26 жасында) 

Ж. Жұмағұлов