- Негізгі бет
- Жаднама
- Әуезов сипаттаған қазақы...
Әуезов сипаттаған қазақы сақал түрлері
Қазақ халқы ежелден әдет-ғұрпына, салт-санасына берік халық. Ұлтымыздың ержүрек батырлары, данагөй ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, билер мен шешендер ата-баба дәстүріне сай сақал қойған. Әрине, сақал қою-қоймау әр адамның мәдени талғамының еншісінде. Сақал ер адамның иегі мен жағына шығатын түк. Сақал сөзі түркі тілдеріне, монғол тілдеріне ортақ сөз болып табылады. Монғолдарда «сахлаг» сөзі сақал деген ұғымды береді екен.
Дана халқымыз ер адамның келбетінде сақалдың түрліше болып өсуіне байланысты оған атау берген. Мысалы, қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында кейіпкерлерді сақалдарына қарап сипаттап, түсі мен көлеміне қарай сақал атауларын қолданған. Сонымен, Әуезов жазған қазақы сақал түрлері туралы біле отырыңыз.
Буыр сақал – Құнанбай
Жирен сақал – Байсал
Шоқша сақал – Барлас
Қаба сақал – Қамысбай
Шошайған сақал – тілмәш Қасқа
Күрең сақал – Жиренше
Қалың бұйра сары сақал – Майыр
Қоңыр сақал – Бөжей
Бұйралау ұзын сары сақал – Бекей
Қызғылт қоңыр сақал – Қадырбай
Шоқша буыр сақал – Балта ақын
Селдір қара сақал – Абай (24-26 жасында)