Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар

Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар
Фото: www.spsp.com.ua

Жануарлар әлемі – өзінше бір әлем. Олардың біз біле бермейтін қызықты да түсініксіз тұстары өте көп. Қайбір жаратылыстың да табиғат алдында атқарар өзіндік міндеті бар. Жан жануарлар жайлы мына тосын деректерді оқып, таңдай қағарыңыз сөзсіз.

Түйелер – екі апта бойы сусыз өмір сүре алады.

Жирафтар шөлге шыдайтын жануар, түйеден де гөрі ұзақ жүре алады.

Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар

Қалталы егеуқұйрықтар мүлде су ішпейді. Судың оған қажеті шамалы, олар суды күнделікті жейтін тамағынан алады.

Ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда 5 есе майлылығы аз. Сиыр сүті бір сағатта қорытылса, ешкі сүті 20 минутта қорытылады екен.

Ең ірі жолбарыс Уссурий жолбарысы деп аталады. Бойының биіктігі 115 см, денесінің максималдық ұзындығы - 3 м аса, салмағы – 280 кг болады екен.

Ең ірі аллигатор қолтырауыны Флоридада ауланған екен. Оның ұзындығы 4 м 35 см, салмағы 297 кг.

Тасбақаның өмір сүру ұзақтығы адаммен бірдей болып шықты. Олардың кейбірі 100 жылға дейін жасайды екен.

Құрғақта өмір сүретін ең жылдам жәндіктер - тарақандар. Олар сағатына алты жарым шақырым жүріп өтеді екен.

Құмырсқа жәндіктерінде күзетшілікті аналық құмырсқалар атқарады екен. Ал еркек құмырсқаларының қызметі – шағылысу ғана.

Дереккөз: bilimdiler.kz

Ж. Жұмағұлов