Бойшаң адамдардың аласа бойлылардан бір артықшылығы

Бойшаң адамдардың аласа бойлылардан бір артықшылығы
Фото: google.kz

Адам бойының ұзын немесе қысқа болуы - оның қабілетіне тікелей әсер етеді. Жақында америкалық зерттеушілер бойшаң адамдардың аласа бойлылардан тағы бір артықшылығын анықтады.

Ұзын бойлы адамдар заттардың арақашықтығы мен оған дейінгі аралықты оңай бажайлай алады. Ал бойы аласа адамдар екі обьектінің арақашықтығын анықтауда көп қателеседі екен.

Зерттеушілер өз тәжірибелерін түрлі жағдайда сынаған. Алдымен заттардың арақашықтығын жарықта, одан кейін жарықты нашарлатып, соңында күңгірт көлеңкеде қойып көрсеткен. Сондай-ақ аласа адамдарды үстелге шығарып, ұзын бойлы адамды отырғызып та обьектілердің арақашықтығын сұраған. Нәтижесінде ұзын бойлы адамдар олардың арақашықтығын жобалап болса да бағамдай білген.

Арақашықтықты бағамдай білу – бойы ұзын адамдардың аласа бойлыларға қарағанда тағы бір артықшылығы саналып отыр. Зерттеушілер бойшаң спортшылардың да жетістігін осы бір артықшылығымен байланыстыруда.  

О. Сансызбай