- Негізгі бет
- Жаднама
- Алаяққа алданып қалмаңыз...
Алаяққа алданып қалмаңыз
Шетелге шыққанда не туған жерден өзге қалаға барғанда айналаға байыппен қарап, аса сақ болған абзал. Қулар бопсалап, ұрылар арбауына түсіруі мүмкін. Олардан сақ болу үшін мынадай қулықтарын біле жүріңіз.
Бір әйел келіп, жөргекке оранған нәрестесін ұстай тұруыңызды өтінуі мүмкін. Ал шын мәнінде жөргекте нәресте емес, қуыршақ жатады. Сіз оны көріп, шошынып, есіңізді жинап үлгерем дегенше, сөмкеңізді не басқа да бағалы бұйымдарыңызды ұрлап табанын жалтыратуы ғажап емес.
"Тапқан тапқандікі ойыны". Үш кесені қойып, дөңгелекті алма кезек ауыстырып, көз алдап отырған адамды көшелерден не кинолардан көрген боларсыз. Бұл ойын адамдардың назарын аударып, есін алуы үшін ұйымдастырылады. Ойынға беріліп кеткен көрерменнің қымбат нәрселерін байқатпай жымқырып кету қиын емес. Сондықтан мұндайға көңіл бөлмеген жөн.
Жерде не еденде жатқан қағаз ақшаны көрсеңіз де мән бермеңіз. Әдетте адамдар біреуден түсіп қалған ақша деп ойлап, өз ақшасы орнында екеніне көз жеткізу үшін қалталарын ақтарыстырады. Ал ол ақшаны әдейі тастап, сізді бақылап тұрған адам ақшаңызды қай жерге салғаныңызды оңай аңғарып, ұрлау жоспарына кіріседі.
Қайда жүрсеңіз де абай болыңыз!
@. @assel_assanova