Жұлдыз жорамал: 03.08.2015 - 09.08.2015

Жұлдыз жорамал: 03.08.2015 - 09.08.2015
Фото: rudaki.ru

Өмір түрлі жолдан құралған. Бірақ қай жолмен жүріп, не істейтінімізді тек өзіміз таңдаймыз. 

Тоқты

Осы апта ішінде сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай, ренжісесіздер. Тіпті айырылысып кетулеріңіз мүмкін. Осылайша оның қадірін түсінесіз. Ал жалғыз жүрген тоқтылар бұрынғы ғашықтарын жолықтырады. Олармен қайта сөз жарастырып, қосылады. Нәпсіңізге еріп, ақылға сыймайтын әрекеттер жасауыңыз мүмкін.

Торпақ

Бар уақытыңызды отбасыңызға ғана арнап үйренген болсаңыз, енді басқа жұмыстармен айналысуыңызға тура келеді. Белгілі бір себептерге байланысты отбасыңыздан алшақтайсыз. Тіпті туысқандарыңыздың үйіне барып тұруыңыз мүмкін. Жақын күндердің бірінде достарыңыз қонаққа шақырып, алыс аймаққа қыдырып қайтасыз. Сондықтан достарыңыздың ұсынысына бірден келісіңіз. Мұнымен қатар, дәл қазір біліміңізді толықтырып, өміріңізге өзгеріс енгізетін жандармен танысуыңыз мүмкін.

Егіздер

Бұл аптада үлкен таңдау жасауыңызға тура келеді: жұмыстарыңызды реттейсіз немесе достарыңызбен бірге көңіл көтересіз. Егер ақшадан қысылып жүрген болсаңыз, жұмысқа қатысы жоқ адамдармен байланысыңызды үзгеніңіз жөн. Көп досыңыз сізді аяқтан шалғысы келеді.

Шаян

Жұлдыздар уақытыңызды өзіңізді дамытуға арнауға кеңес береді. Қызығатын ісіңізбен айналысқан кезде ғана табысқа жете алатыңыныңызды ұмытпаңыз. Ол спорттық жарыс немесе өзгеше хобби болуы мүмкін. Қаржылай қиындыққа тап болуыңыз да ғажап емес. Сүйіктіңізбен ой бөлісіп, оның қызығушылықтарына назар аударуға тырысыңыз.

Арыстан

Жасы үлкен ағайындарыңызбен араздасып қаласыз. Жағдайды ушықтырмау үшін үнсіз қалғаныңыз жөн. Дәл қазір психологиялық кітаптарды көбірек оқыңыз. Сіз үшін олардан артық көмекші жоқ. 

Бикеш

Дәл қазір жалғыз қалғыңыз келіп жүр. Алайда көпшіліктің ортасында жүруге жұлдыздар кеңес береді. Еріктілер қатарына қосылып, қоғамға пайдаңыз тиетін істермен айналысуыңыз мүмкін. Бұрын түрмеге отырып, бұзақылық жасаған адамдардан жырақта жүргеніңіз жөн.

Таразы

Осы аптада мақсатыңызға жетесіз. Сөзіңіздің рас екеніне көзіңіз жетсе, пікіріңізді дәлелдеуден қорықпаңыз. Түнгі мезгілде көп қыдырмауға тырысыңыз. Достарыңызға қарызға ақша бермеңіз. Жақын күндердің бірінде дене жарақатын алуыңыз мүмкін болғандықтан, спорттық жарыстарға қатыспағаныңыз жөн.

Сарышаян

Қызметке байланысты қиындықтар туады. Бастығыңыз ісіңізге риза болмай, дәрежеңізді түсіруі мүмкін. Мұндайда жаңа жұмыс іздеуден басқа амалыңыз жоқ.

Мерген

Жұлдыздар алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Әсіресе жеке көлігіңізбен. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызды сүйіктіңіздің арқасында ретке келтіресіз.

Тауешкі

Жоспарларыңызды толықтай өзгертуіңізге тура келеді. Үйіңізде техника жабдықтары сынып, бар уақытыңызды жөндеу жұмыстарына арнайсыз. Достарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылады. Ал қызметте жолыңыз болады.

Суқұйғыш

Ақшаға байланысты қиындықтарды толықтай ретке келтіресіз. Мұнымен қатар, қызметтегі және үйдегі барлық жұмысты реттейсіз.

Балықтар

Жұлдыздар денсаулғыңызға назар аударуға кеңес береді. Себебі жүйкеңіз сыр беріп, бүйрегіңіз ауыруы мүмкін. Ауа райына сай киінуге тырысыңыз. Жұмыстың көптігі көңіл-күйіңізге әсер етіп, қатты шаршайсыз. Балаларыңызға көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.

Күніңіз сәтті өтсін!

Қ. Бүйенбай