Уақытты босқа өткізбеңіз (видео)

Уақытты босқа өткізбеңіз (видео)
Фото: www.volometrix.com

Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Адамзат – бүгін адам, ертен топырақ. Біреуге көп, біреуге аз берілген санаулы уақытты бағаламасқа болмас. Сол себептен болуы тиіс Абай атамыз «күн сайын, уақытың болмаса, апта сайын, ай сайын, болмаса, жылына бір рет өзіңе өзің есеп бер» деп бекер айтпаса керек. Дегенмен, өмір ешқашан бір орнында тұрмайды. Сондықтан уақыттың қадірін  неғұрлым тез түсінуге тырысыңыз. Уақытты текке кетірмей, пайдалы іспен айналысуға икемденіңіз. Егер уақытыңыздың қалай өтіп жатқанын білгіңіз келсе, төмендегі видеоға назар аударғаныңыз жөн.

Н. Нұрмаханұлы