Иттің шабуылынан қорғану жолдары

Иттің шабуылынан қорғану жолдары

Неліктен иттер шабуылдайды? Оған берілетін түсіндірме өте көп. Мысалы, өз жерін қорғау, күшіктерін қызғану т.с.с. 

Ең бастысы – қорықпау керек. Егер жүгіретін болсаңыз, оның барлығы құр әурешілік, себебі ит адамнан бірнеше есе жылдам жүгіреді. Тек жақын арада жылдам өрмелеп шығып кететін мінбе болған жағдайда ғана жүгіріп үлгерсеңіз болады.

Егер олай болмаса ше? Онда қорғануға дайындалғаныңыз жөн. Жау тек бір ғана жақтан шабуылдайтындай жағдай тудырыңыз. Ол үшін ағашқа, дуалға немесе қабырғаға сүйеніп тұру қажет. Ол сіздің артқы жағыңыздан оқыс шабуылдап қалмауға және жерге берік бекінуге көмектеседі. Сөмке, қолшатыр немесе үстіңіздегі киіміңізді қолыңызға алып, алға қарай сермеп отырыңыз. Бұл кезде ит сезікті түрде жауап қайтарып, сермеген затыңызды тістейді. Бұл сәтте сіз төбетке бірнеше мәрте аяғыңызбен ауыр соққы жасап үлгересіз.

Ұрыс барысында жан-жағыңызға көз салып, қару ретінде қандай нәрсені пайдалануға болатынын қараңыз. Негізінен қару ретінде барлық мүмкін деген затты қолданған дұрыс. Мысалы, кенеттен ашылған қолшатыр итті бірден қорқытып жіберуі ықтимал. Итке тас, топырақ, сөмке лақтырып, шүберекке оралған қолыңызды иттің аузына салып, тұмсығынан бір-екі рет қойып жіберсеңіз болады. Сонымен қатар дауыс шығарып, айқайлаңыз, жәрдем шақырыңыз.

Бұл әдістер теория жүзінде жақсы іске асады. Алайда, қосымша ақпарат ретінде жануардың ең осал тұсы қабырға, мұрын, кеңсірік, көз, қарақұс және табан бөлігі екенін айта кетейік.

Оқи отырыңыз: 

Еңкейіп қана екі миллион доллар тауып алу

Қазақ халқының шашқа байланысты ұстанымдары

Тай оқушысы қоңыздан құтылудың оңай жолын тапты

"Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің қоғамдағы орны

Сурет: komne.com

Н. Нұрмаханұлы