Жастарға айтар 101 ақыл #3

Жастарға айтар 101 ақыл #3

Бір қиялшыл, бір еңбекқор екі дос тауға барыпты. Жатар мезгілде еңбекқор адам:

– Сен бірдеңе байқадың ба? – деп сұрапты қиялшыл адамнан. Ол:

– Көк жүзіндегі самсаған жұлдызды көрдім, әлемнің теңдессіз екенін, Жаратушының ұлылығын сезіндім, біздің тірлігіміз неткен қораш және тез еді, ал, сен ше, сен не көрдің ? – депті. Еңбекқор адам:

– Мен біреудің қосымызды ұрлап кеткенін көрдім, – деп жауап беріпті.

"Бұл екі көзқарастың қайсысы дұрыс?" деп сұрауыңыз мүмкін.

Онда мен екеуі де дұрыс дер едім.

Өмір жолыңда толып жатқан істерге тап боласың. Әсіресе, қиын іс кезіккенде алысты да ойла, жақынды да ойла, егер алыстан толғап, өмір қағидаларын ғана ауызыңнан тастамай жүре беріп, өмір үшін қажетті болатын отын-су, нан мен шай, көже-қатықты ойламасаң, өзіңді-өзің сезінгеніңмен, реал ортада сәтсіздікке ұшырауың, әуелі аш қалуың да мүмкін.

Адам тірлікте қарын тойғызып, киім баққан күйбең тірліктен басқа абстракт дүниелермен өзінің тілегін қанағаттандырса, өмір қандай мағыналы болар еді десеңші! Мұрат және қиялсыз өмір – босқа өткен өмір!

– Ендеше, сірә, қалай істеу керек ?– деп тағатсыздана сұрауыңыз мүмкін.

Менің айтарым: ұзақ болашақ пен көз алдағыны тең меңгере білмейтін адам, қиял бостығы жоқ адам көңілді бола алмайды. Әрі шынайы тұрмысты орната біліп, әрі адам үшін қажетті шаттықтан айырылып қалмауың керек.

 

Оқи отырыңыз:

Эмиль Беккет. Жастарға айтар 101 ақыл #1

Жастарға айтар 101 ақыл #2

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: jackhaas.net

M. Auelkhan