Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Сәлем, достар! Тағы да апта тәмамдалып қалыпты. Ендеше, дәстүрлі түрде шығып тұратын жұманың жеті кеңесіне назар салыңыз.

1. Бәріміздің осы өмірден алуға ұмтылатын еншіміз - бақыт. Бақытты болу үшін не істеу керек екен деп басымызды тауға да, тасқа да соғамыз. Тоқтаңыз! Бақытты өмір сүрудің кілтін біз білеміз.

2. Өз денсаулығыңызды қолға алатын кез жетті. Денсаулыққа қауіп күнде сүйікті сериалдарымыз бен қызықты бағдарламаларды көретін теледидардан туып тұр екен. Жазбаны оқып шыққан соң, теледидарға қарағыңыз да келмей қалды ма? Уайымдамаңыз, тек теледидарды қай бөлмеге қойғанның дұрыстығын білсеңіз болғаны.

3. Күнде осы тап ертең ерте тұрам деп уәде берсеңіз де, уәдеңіз орындалмай қалып, өз-өзіңіздің алдыңызда ұятты болып жүрсіз бе? Жағамызға жармасқан көп ұйқыға тосқауыл қоятын кез жетті! Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырыңыз ұйқымен өтпесін...

4. Айдың күні аманында төңкерілген үй тұрғызатын адам болмысы не деген жұмбақ еді! Мен ол - мен. Кейде өзіміз жайлы осыдан артық нәрсе біле алмай, дал боламыз. Өз-өзіңізді тану үшін адам болмысы туралы қызықты фактілер көмектесіп қалар...

5. "Титаник" киносының жаңарған нұсқасын көрген шығарсыз? Қалай әсеріңіз? Ал әлі көрмеген болсаңыз, әйгілі фильм туралы аңыз бен ақиқатты біліп барыңыз. Аңыз фильм туралы жер-жаһанда сан түрлі әңгімелер таралған. Ал фильмдегі көк түсті алмастың орнына басқа тас пайдаланылғанын білесіз бе?

6. Шын мәнінде кішкентай балақайлардың психологиясын түсіну қиынның-қиыны. Ініңіз не сіңліңіз, қарындасыңыз не өз балаңыз жүйкеңізді жұқартып, оған қалай жақсы тәрбие беремін деп қиналсаңыз, мына кеңестер кәдеңізге жарап қалар...

7. Сайтымыз тәй-тәй басып келеді. Қолданушыларымыздың арқасында өзіміздің қазақи ортамыз пайда болды. Массагеттің бір-біріне тосын сый жасауға құмар қолданушылары бүгін кешкі сағат 19:00-де Алматы қаласында бірінші рет "массагеттіктер" деген атпен бас қоспақ. Көңілді кездесуден сіз де қапы қалмаңыз!

Аптаның аяғы сәтті өтсін, достар! Елең еткізер жазбаларыңыз болса, бізбен бөлісуді ұмытпаңыздар!

сурет: skribka.beon.ru

7740 9
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 17:05
Пікірлер
+0
13 сәуір 2012, 16:40

ертең ерте тұрам десең :)

+0
13 сәуір 2012, 16:48

ертен асыға күтемін суреттерді кездесулен))))))

+0
13 сәуір 2012, 17:22

Сәния Исабаеваның жаңа киносын көрдің бе?

+0
13 сәуір 2012, 17:29

иә, өз ойымды, кинолар айдарындағы "Ойпырмай, қымбатты менің балаларым" деген жерге жаздым...

+0
13 сәуір 2012, 17:01

менде асыға күтемін, кешке келип тунімен пост жасап,алған әсерлерін бізбен бөліскен бірінші шығарган блогерге арнайы сыйлығым бар))))

+0
13 сәуір 2012, 17:09

сыйлық беруге келгенде, қолыңыз ашық екен! керемет! өте қуаныштымын сіздей адамның расымен бұл өмірде барына :)

+0
13 сәуір 2012, 17:22

рахмет,айтқан пікіріңізге, Бір қолмен берсең екінші қолыңмен аласын деген мақалды ұстанамын, сіздергеде сондай кеңес беремін

+0
13 сәуір 2012, 17:13

Менде күтемііііііііннннн суреттер :D

+0
13 сәуір 2012, 17:58

Кездесу 1 сағаттан кейін!

+0
13 сәуір 2012, 18:02

қызықтырмай отыршы))) сағат карап құр қалып отырғанымызда

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...