Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Мектеп бітіру кешіне дайындық

Мектеп бітіру кешіне дайындық

Мектеп бітіру кешіне дайындық

Еліміз бойынша мектеп бітіру кеші 21 маусым күні болады. Қазірде жас түлектер қызу дайындық үстінде. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жібек те маңызды кешке дайындалуда.

Жібек – Алматыдағы 165-ші физика-математикалық мектептің түлегі. ҰБТ, мемлекеттік емтихандарды өткеріп, енді өміріндегі алғашқы салтанатты кеш мектеп бітіру кешіне дайындалып жүр. 

"Мектеп бітіру кеші үйлену тойы сияқты өмірде бір-ақ рет болатыны рас. Бірақ оған ерекше дайындалып жүрмін деп айта алмаймын. Маған дайындыққа қарағанда, сол кештің өзі қызық. Кештің мақсаты – достарым, сыныптастарым, ұстаздарым мен ата-анаммен бірге мектеп бітіргенімізді тойлау деп ойлаймын," – дейді Жібек.

Алайда дайындықсыз кеш ойдағыдай өтпейді. Бірінші кезекте сәнді, салтанатты көйлек таңдау сұрағы тұр. Сөзді кейіпкеріміздің өзіне берейік.

– Алматыдағы "Адем", "Әл Фараби" "Silk Way City" және тағы да басқа көптеген дүкендерді аралап, ойдағыдай көйлек таппадым. Бағалары тым қымбат, маталары сапасыз. Қысқасы өмірдегі тұңғыш салтанатты кешке бұндай көйлекті қаламас едім.

Көмек жақыннан келді. АҚШ-та тұратын туған ағам бізге жергілікті сайттардың сілтемелерін жіберіп, "Осы жерден қалағаныңды таңда," – деді. 

Таңдау жасауға анам көмектесті. Бір айтарым, интернет арқылы көйлек таңдаған өте қиын. Ол шын өмірде қалай боларын нақты білмедік. Өлшемдері де дәл келетіндігіне күмәніміз болды.

Таңдаған көйлекті ағам АҚШ-тан беріп жіберді. Көйлектің өлшемі дәл келді, тігістері дұрыс, ал матасы өте сапалы болып шықты. Көйлек ойдағыдай болды. Айтпақшы, бұл көйлекке жеңілдік болған және жалпы АҚШ-тың жергілікті сайттарында киімнің бағасы арзан. Соның арқасында көйлекті Алматыдағы көйлектерден 2 есе арзанға алдық.

Ағам көйлекпен бірге маған мектеп бітіруге сыйлық ретінде білезік беріп жіберді. Ағама әбден риза болдым.

Келесі кезекте аяқ киім.

Аяқ-киімді көйлектің түсіне үйлестіріп алдым. Алматыдағы көптеген дүкендерді аралап, соңында ALDO дүкенінен осындай туфли таптым.

Ұзын көйлек әрине әдемі, бірақ түні бойы ондай көйлекте жүре алмайсың. Сондықтан сыныптағы құрбыларыммен екінші көйлек киюді шештік. Сонымен бірінші салтанатты көйлек – аттестат алу шарасына, ал екінші қысқа көйлек – би мен отырысқа арналады.

Ендігі кезек мінсіз шаш сәні мен макияжда.

Бұндай маңызды тапсырманы мамандарға қалдырдым. Өзімнің жиі баратын сұлулық салонына 21-і күніне макияж бен шаш сәнін жасатуға жызылдым. Бір-екі күнге кешіксем, тіпті бос орын қалмас еді.

Сұлулық салонындағы шаштараз бен визажиспен алдын ала сөйлесіп, келісіп алған жөн.

Мінсіз бейне үшін ұсақ-түйектерді таңдау қалды.

Дайындығым әлі де бітпеді. Ені сырға, сақина мен қолға ұстайтын сөмке алу керек.

Жібек сияқты барша түлектердің мектеп бітіру кешіне дайындықтарын ойдағыдай тәмамдап, кешті жақсылап өткізулеріне тілектеспіз.

Жібекпен бірге мектеп бітіру кешіне дайындалған: Сания Аринова

6256 12
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 маусым 2013, 12:02
Пікірлер
+0
18 маусым 2013, 11:34

Сания, жарадың! Мына бір өзекті материалың көп түлектің бағдаршамы болғалы тұр :D

+0
18 маусым 2013, 11:35

Жібек те сондай сүйкімді

+0
18 маусым 2013, 11:48

шынымды айтайын, мен бұлай дайындалмағанмын :roll: ұйымдастыру жұмыстарының бәрі менің мойнымда болатын, солай алып-ұшып жүргенде өтіп шыға келді)) тағы да айтамын)) Қыздар, бұл кешті мәңгі естен кетпестей етіп өткізіңдер, суретке көөөөп түсіңдер!!!

+0
18 маусым 2013, 11:55

Мектеп бітіру салтанатты кеші бірінші рет әрі бір-ақ рет болғалы тұр! Барынша дайындалған дұрыс-ақ!

+0
18 маусым 2013, 11:55

Соңғы кездері интернеттен сауда жасаудың тиімділігін байқап жүрмін. Біріншіден өзіңе ұнаған киім, екіншіден кіші размері болады, үшіншіден жараспаса қайтарып беруге де болады.

+0
18 маусым 2013, 12:47

Сәтті, қызық, ұмытылмастай өтсін!!!

+0
18 маусым 2013, 13:44

Сания, соңғы дайын суреті қашан шығады?

+0
18 маусым 2013, 14:12

21 күні мектеп бітіру кештері өтсін)

+0
18 маусым 2013, 18:59

мээ туфлиі күштіі!естен кетпестей етіп өткізсін!

+0
20 маусым 2013, 13:30

сілтемесі қандай????????

+0
21 маусым 2013, 14:11

ненің?

+0
26 маусым 2013, 18:24

АКШ тагы интернет магазиннин сайты :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...