Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Өміріңіздің соңында өзіңізге қояр 7 сұрақ

Өміріңіздің соңында өзіңізге қояр 7 сұрақ

Өміріңіздің соңында өзіңізге қояр 7 сұрақ

Әр күніңіз қалай өтіп жатыр? Бүгінгі күніңіз кешегі күннен де жарқын бояуға толы ма? Сәтсіздікке ұшырап жүрсіз бе? Махаббатта қандай іс-қадамдар қабылдауға бекіндіңіз?

* * * *

Өмір атты керуенде әркім өзіне бұйырған дәм-тұзды татып, тіршілікпен қоштасып жатады. Өмір атты керуенде әр жанның өлең-кеудесі иесіне сауал ұрттатар. Біреулер бұл өмірдің мағынасын ерте түсініп, ертелі-кеш бақытқа бастар бір қадамдарын жасайды. Ендігі біреулер бақытқа жасар бір қадамда батылдық танытпайды. Соның бәрі, өзімізге сұрақ қоя алмағандықтан. Бір данышпан айтпақшы, дұрыс қойылған сұрақ дұрыс жауап болып табылады екен...

Ендеше, өміріңіздің соңында өзіңізге қояр 7 сұрақ:

1. Осы сүрген өміріме мақтана алам ба?

Егер сіздің жан дүниеңіз ынталы болып, тың идеяларға, ерліктер мен сезімдерге суарылып жатпаса, онда ертелі кеш Сіздің өле бастағаныңыз. Өмірдің бар дәмдісін татып көрмеуден қорқыңыз. Өлімнен қорықпаңыз. Өмір әр сәтін жарқын бояуға айналдыра алмаған адамдардан қорқыңыз.

Өлімнен қорқу дегеніміз – бұл дегеніміз жай ғана қорқыныш, ал шын қорқыныш деген туған сәттен бастап әлі күнге дейін үлгере алмай келе жатқан немесе жасап көрмеген іс-қимылдардың жиынтығы. Ал егер мағыналық тұрғыда жақсы өмір сүретін болсаңыз, онда өлім қорқынышы дегеннің не екенін ұмытасыз.

Сізді бұрынғыдай қорқыныштар мазаламайтын болады. Сіз бұрынғыдай бар өмір мағынасын алыстан іздемек емессіз, сіз қазіргідей әр сәттің қуанышын сезініп отырасыз.

Бірақ өлім бәрібір бір күні келеді, сонда сіздің жеке өміріңіз көз алдыңызда өткені белгілі болады.

2. Өмір бойында нендей жаңалықтар аштым?

Өмірдегі ең керемет жаңалықтыр (орысша айтқанда - открытия) біз күтпеген тұста орын алады. Сіз сол сәтті іздемеуіңіз де мүмкін. Ал сіз іздемеген нәрсе сіз ойлағанннан да үлкен, сіз ойлағаннан да артық қуаныш алып келуі мүмкін. Сондықтан алдағы арманға іздеу салыңыз және табандылық танытып, шектен тыс шыдамды бола біліңіз.

Дәл қасыңыздан өтіп бара жатқан эмоция, көңіл-күй ауанын, ғаламат қуаныш сәттерін жіберіп алмаңыз. Өмірдің шын сұлулығы тосын сыйлардан құралады. Оның серпінді характері әрқашан алдан жаңа мүмкіндіктер ашады және сіз ешқашан өмір атты спектакльдың қай тұста аяқталатын, ненің күтіп тұрғанын, ненің орын алатынын білместен өмір сүре бермексіз. Сол үшін де сыйлықтардан бас тартпаңыз. Көптеген сыйлықтар жақсылық әкеледі, бақыт әкеледі. Батыл қимыл жасаған адамдар мұны сезініп те жүрген шығар.

3. Өмір картасын дұрыс аша білдім бе?

Өмірдің бар бөлігі - құмар ойын. Нар тәуекелге барған, еңбек-күшін аямаған жанкештінің табысы немесе табыссыз бос қуыс тіршілік.

Сіз ешқашан алдын ала өзіңіздегі өз қабілетіңіздің қаншалықты екенін біле алмақ емессіз. Күту керек, сабақ алу қажет және бұның бәріне уақыт кетеді. Уақытты тиімді пайдалану мен жинақталған тәжірибе сіздің өміріңізді басқаратын болады. Уақыт деген ойынханадағы таратылған карта секілді, солардың ішінен біреуін аласыз және әрқайсысының өз мүмкіндіктері қарастырылған. Үстел алдына келгенде, қолыңызға қандай карта түсетінін дәл айта алмайсыз, бірақ, өз іс-қимылыңызбен карталарды басқара аласыз.

Осындай ойындар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым тәжірибе жинақтай түспексіз.

Шектен тыс кертатпа болудың қажеті жоқ. Сіздің қойған қойысыңыз (ставка) – бірінші есепте тәжірибе жинақтау көзі. Және көп ойнасаңыз, соғұрлым өзіңізге жақсы.

4. Мен жеткілікті тұрғыда жауапкершілікпен қарадым ба?

Өміріңіздегі әр іс-оқиға - бұл өзіңіздің кінәңіз, бірақ, барлық болған іске жеке басыңыз жауап береді. Жеке бастың шешімі мен тізгендеуге келмейтін қоршаған орта деректері сізді осында алып келіп отыр. Өзіңізді кінәлау мен кінәліні іздестіру енді ештеңені де өзгерте алмайды. Алайда, әр іс-қимылда толық жауапкершілік бәрін өзгерте алмақ.

Өзгермейтін өткен күнді артта қалдырыңыз және өзіңізді ақиқат өмірге, нағыз уақыт айналымына алып барыңыз. Осы бір нағыз уақыт айналымында жаңа мүмкіндіктерді қарастырыңыз. Әлгі мүмкіндіктер сізді өміріңізде орын алуы үшін жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз.

5. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткіздім?

Әр мақсатқа күш-қуат қажет, жету үшін күресу керек. Егер сізді жігер танытпасаңыз, онда прогресс туралы мүлде ұмытсаңыз да болады. Бір нәрсеге еш жігерсіз, еш нәрсені құрбан етпей бару дегеннің өзі жүріп үйренбей тұрып жүгіргенмен бірдей. Бұл деген жауынсыз кемпірқосақ көргіңіз келгенмен бірдей. Бұл деген оттек толтырып, дем алмағанмен бірдей.

Өмірде күрессіз және жігерсіз махаббат, іңкәрлік, ақша дегеннің бірде-біреуінің болуы мүмкін емес. Сіздің күресіңіз эмоциналды немесе физикалық немесе басқалай да бола бермек. Қай жағдайда болмасын, сіздің мақсатыңыз орындалмақ.

6. Мен үшін шынайы махаббат деген не?

Шынайы махаббат – бұл бір сәттік сезім де, шешуге болатын теңдік (уравнение) те емес, және де, ертегі де болмас. Шынайы махаббат деген – бұл сіз жұтып жүрген ауа, сіз жүріп жүрген қара жер, және адам санасын дамытуға қажетті маңызды негіз. Бұл деген бүкіл өмірлік мағынаға бастап барар жор, бұл деген сарқылмас энергия, қай жерде тұрғаныңызға және бай бағытты алғаныңызға қарамастан, сарқылмайтын қуат көзі.

Шынайы махаббат үшін қаншалық алысқа баруға болатынын білген боларсыз? Физикалық тұрғыда бір жұтым ауа жұтқан тұста бәрі де басталады...

7. Өмір күнделігінен қанша бетті сызып тастадым?

Ешкімге ешқашан өзіңіздің әлсіздігіңізді мойындататын сөз айтқызбаңыз. Сіздің қарым-мүмкіндігіңіз (потенциал) ойлау жүйеңіз секілді кең етекке созылған. Бір жағынан, өзіңіз де өз күшіңіздің қаншалықты екенін біліп жүргеніңіз абзал.

Егер сіз біреу-міреудің өзіңізге әсер етуіне мүмкіндік берер болсаңыз, онда олардың «жындылықтары» өмір жолыңыздан бұрып жіберуі неғайбыл. Сіз өзіңіз ойлаған емес, өз өміріңізбен және ешкімді тыңдамау керек уақытта солар ойлаған адамға айналасыз. Сол тұста олар сіздің өміріңізді ұрлап алады. Сіз олардың көзқарасы бітетін тұс пен басталар тұстағы шекара сызығын айыра алмай қаласыз. Олардың ойға алған қиялдары сіздің өмір тарихыңыз болмақ.

Күшті болып қалуға тырысыңыз. Біреу-міреу келеке қылып жатса, жай ғана қорғанып, былай дей салыңыз: "Сен асықпа, достым! Сенің иллиюзияң - менің емес, бұл сенің проблемаң. Қалам менің қолымда және өз өмірімнің тарихын өзім жазудамын".

Сурет:crazys.info 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

3819 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 17:41
Пікірлер
+0
30 мамыр 2013, 18:43

Маған қазір ең қажетті, бірақ орындай алмай жүрген кеңес - 7 шісі. Айналадағы адамдардың пікіріне қарайламау, олардың көзқарасынан тәуелді болмау үшін де айтарлықтай қажыр-қайрат керек екен

+0
30 мамыр 2013, 18:56

Өзіме күнде қоятын сұрақтар (тіпә-тіпә, әлі талай жыл қойып жүрсем бе деп қоям өмірдің соңы демей-ақ )))

+0
30 мамыр 2013, 22:02

Ана сұрақтарға біращ тосылдым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...