Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Аптаның қай күні туылдыңыз?

Аптаның қай күні туылдыңыз?

Аптаның қай күні туылдыңыз?

Анықталғандай, адамның мінез-құлқы аптаның қай күні туылғанға байланысты.

Дүйсенбі

"Дүйсенбі – ең ауыр күн" - дейді халық түсінігі. Алайда, бұл түсініктің дүйсенбі күн туылғандарға еш қатысы жоқ. Осы күн туылғандар мейірімді және ерке келеді. Осы күн туылғандар достықта ерекше сезімталдыққа ие.

Бір ғана кемшілік – көңіл-күйдің тез ауытқуы.

Мұндай адамдар бірбеткей және ешкімге бағынғылары келмейді. Есесіне олар үй шаруасына ұқыпты, жақсы тамақтанып, жақсы жүруге құлықтанған (дене қалыптары келісті) әрі асты керемет дайындайды.

Сейсенбі

Сейсенбі күні дүниеге келгендердің қуат-күші бойларынан шығып тұрардай. Бұл күні дүниеге келген адамдар – батыл, жауапты, икемді жандар.

Осы күні дүниеге келгендер басшылық қызметті жақсы атқарады. Және бұл қылықтары әрқашан сәтті аяқталып жатады. Саяхат жасағанды ұнатады және шытырман оқиғаға толы кітап оқығанды сүйеді.

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні көңілді және бауырмал жандар туылады. Кез келген топта олар бірінші тұрады. Оларды тапқырлығы мен көңілді әзілдері биік қояды. Мұндай адамдар қолмен жақсы жұмыс жасайды – тігу, шеберлік. Көбіне сауда-саттық жағында жұмыс жасайтын болып шықты.

Қылықты, мінезді келеді, өзгелерге көңіл қараса алады. Өз сәтсіздіктеріне көз жұмып қарайды: бәрі өтеді – бәрі кетеді.

Бейсенбі

Бейсенбі күні өмірге отбасындағы жайлылық пен тұрақтылықты сүйетін адамдар келеді. Олардан жақсы отағасы немесе жақсы отанасы шығады. Алайда, жүректері тез жараланғыш келеді. Ешкімді ренжіткілері келмейді. Олар адамдармен тез тіл табысады, тез көтеріледі және өмірге жеңіл қарайды әрі жаңалыққа құштар жандар.

Ол адамдардың жабырқаңқы және тұйық қалпын көре бермейсіз. Керісінше, олар өздерін қоршаған ортаны шынайы күлкілері мен оптимизмдерімен жаулап алады. Бір кемшілік – қыңырлық пен мақтаншақтық.

Жұма

Жұма күні туылғандар – өнерге, әдемілікке жаны құштар жандар. Олар көңілді, ғашық болғыш, ойын-сауықтың еркелері. Олар өздерінің сыртқы түрлеріне жақсы қарайды, артығымен ойнап-күлгенді жақсы көреді (бұл қылықтары үшін өсекке қалып жатады).

Өнер, телеарна, мәдениет саласында жұмыс жасайды. Тәттіні шектен тыс жақсы көретіндер.

Сенбі

Сенбі күні дүние есігін ашқандар айналасында болып жатқан дүниелерге кемелділікпен зер салады. Олар көбіне ғалым, не болмаса ұстаз болады. Асқан дәлдікпен жұмыс жасайды. Ойға алған нәрселерін соңына дейін алып барады. Өз істерінің майталмандары – бүгін жолдары болмаса да, ертеңгі күні айтқандарына жетеді (бәрін меңгеруге дағдыланған).

Сабыр мен еңбек бәрінен басып озады – олардың ұстанымдары. Олар – сенімді достар, үй шаруасында жақсы көмекшілер.

Жексенбі

Аптаның соңғы күні туылғандар – «Күн». Олар әр уақытта көңілді және мәз-мейрам, барлық салада жарқырап жүреді. Ел түсінігінде жексенбі күні туылғандар бақытты болады деген сенім бар. Солай екені анық. Олар сәтті үйленеді немесе сәтті тұрмысқа шығады.

Олардың достары көп. Оптимизмге сүйену арқылы әрқашан өмірден өз орындарын табады. Барлық іске шығармашылықпен кіріседі. Қиял мен ойлары ұшан-теңіз.

Тексеріп көріңіз...

Сенуге болмас, туған күнде тұрған ештеңе жоқ! Адамның қандай болатыны ата-анасы мен ең бастысы, жақсы үлгі-мысалға байланысты!

Сурет:prikol.i.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

11746 11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 мамыр 2013, 10:08
Пікірлер
+0
14 мамыр 2013, 11:00

Сәрсенбінің сәтті күні ғо.)

+0
14 мамыр 2013, 11:45

дүйсенбі ең ауыр күн дейді ма

+0
14 мамыр 2013, 15:06

есімде жоқ қай күні туылғаным ))

+0
14 мамыр 2013, 15:33

МАмамнан сурамасам билсе...

+0
14 мамыр 2013, 21:18

мен бейсенбі күні өмір есігін ашқанмын. оны білгілеріңіз келсе (қай күні туылғандарыңызды) ,телофондарыныздың датасын туылған жылыңызға уақытша қоя тұрыңыз,сосын туған күніңізге бір қараңыз(күнтізбеден) ,белгілі болады сонда.

+0
15 мамыр 2013, 17:51

сарсенбымын, дал келед екен))

+0
16 мамыр 2013, 11:03

Мен жексенбі куні дүниеге келгенмін. (туылған жылымның күнтізбесі де бар ілі сақтаулы :lol: )шындыққа жанасады екен дәл келеді деуге болады мен астрономиға сенемін, мен өзімнің туылған белгімді (яғни знаки, звезды, деген сияқты) оқығанмын сәйкестіктер бар. Анамда макулдаған

+0
16 мамыр 2013, 15:37

Жексенбі күні туылғандар - форева! Мен де жексенбі күні туылғанмын және маған берілген мінездеме тура түсті

+0
28 тамыз 2013, 13:47

Дүйсенбі туылғанмын. Мамаңыздан сұрамай-ақ, комптағы күнтізбені жылжытып-ақ көруге болады ғой )

+0
28 тамыз 2013, 14:02

;) жұма... Телевизия онсызда жаныма жақын еді, неге десем...бәрі-бәрі тәп-тәуір дұрыс екен...

+0
28 тамыз 2013, 14:23

жаман адамдар қай күні туады сонда :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...